AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Кәсіпкерлерге арналған бағдарламалар: Алматы бизне...

Кәсіпкерлерге арналған бағдарламалар: Алматы бизнесіне қандай мемлекеттік қолдау шаралары қолжетімді

Алматы Бүгін 15:39 54 yakiya
Кәсіпкерлерге арналған бағдарламалар: Алматы бизнесіне қандай мемлекеттік қолдау шаралары қолжетімді
Алматы әкімдігі

Алматыда шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру жалғасуда, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-пен бірлесіп, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, қаржыландырудың қолжетімділігін арттыруға және іскерлік белсенділікті ынталандыруға бағытталған кешенді қолдау шараларын іске асыруда.

Қазіргі уақытта кәсіпкерлік субъектілері үшін келесі қолдау бағдарламалары қолжетімді:

1. «Jana Business» — жаңадан бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерді қолдауға арналған бағдарлама. Бағдарлама аясында бизнес-жобалар жеңілдетілген шарттармен қаржыландырылады. Қаржыландырудың ең жоғары сомасы — 500 млн теңгеге дейін, сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 12,6%;

2. «Өрлеу 2026» — кәсіпкерлікті дамытуға және шағын және орта бизнес субъектілеріне қаржыландыру қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған бағдарлама. Несиенің ең жоғары сомасы — 7 млрд теңгеге дейін, сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 12,6%;

3. «Іскер Аймақ» — өңірлік кәсіпкерлікті қолдау тетігі. Бағдарлама аясында басым жобалар қаржыландырылады. Несие көлемі — 200 млн теңгеге дейін, сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 12,6%, субсидиялау мерзімі — 3 жылға дейін;

4. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы кепілдік беру құралдары — екінші деңгейлі банктерден несие рәсімдеу кезінде кәсіпкерлерге жетіспейтін кепілзат мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Бағдарламалар аясында құны 7 млрд теңгеге дейінгі және 7 млрд теңгеден асатын жобаларға кепілдік беру тетіктері қарастырылған.

Сонымен қатар Алматыда кәсіпкерлерді әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіміне енгізу жұмыстары жалғасуда.

Әлеуметтік кәсіпкерлік тізіміне енгізілген кәсіпкерлер әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру және бизнесті дамыту үшін 5 млн теңгеге дейінгі мемлекеттік гранттарды қоса алғанда, қосымша мемлекеттік қолдау шараларына үміткер бола алады.

Тізімге халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға, әлеуметтік мәселелерді шешуге және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған қызметпен айналысатын шағын және орта бизнес субъектілері өтінім бере алады.

Аталған шаралар Алматыда қолайлы кәсіпкерлік ортаны қалыптастыруға, тұрақты бизнесті дамытуға және әлеуметтік бағыттағы жобаларды қолдауға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бизнес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жасөспірімдерді есірткі саудасынан сақтандырды

Бүгін 15:42

Алматы мектептерінде 357 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтады

Бүгін 15:01

«JAS GALA – 2026»: Алматыда үздік студенттер марапатталды

Бүгін 14:20

Алматыда «Студенттік спорт лигасының» республикалық финалы басталды

Бүгін 14:15

Мемлекеттік қызмет – елге қызмет етудің жауапты жолы

Бүгін 14:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);