AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Кәсіпкерлер QR-код арқылы прокуратураға шағымдана...

Кәсіпкерлер QR-код арқылы прокуратураға шағымдана алады

Әлеумет 22.02.2023, 12:40 1,141 Almaty-akshamy
Кәсіпкерлер QR-код арқылы прокуратураға шағымдана алады
Сурет: Ашық дереккөз

Бұл бизнеске заңсыз араласу фактілері орын алған жағдайда аса маңызды  


Алматы қаласы прокуратурасы мен Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бизнесті қорғау мәселелері жөніндегі жұмыс кездесуінде "Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі мобильді топ" жобасы таныстырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.


Осы жобаның көмегімен кәсіпкердің құқығы бұзылған жағдайда, оның ішінде кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактілері орын алса, кәсіпкер QR-кодты қолдану арқылы Алматы прокуратурасының бизнестің құқығын қорғау жөніндегі мобильді топқа жүгіне алады.
Жобаны Медеу ауданы прокурорының орынбасары Бауыржан Төлендинов таныстырды.


Мәселен, прокуратура кәсіпкерлік субъектілерінің барлық объектіне, мысалы, дүкендер, базарлар, дәріханалар, сұлулық салондары, фитнес орталықтары, кеңселер және кәсіпкерлердің кез келген нысанына, арнайы QR-кодты береді.



"Жобаның жұмысы былай, бизнес иесі кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу туралы хабарлау үшін QR-кодты сканерлейді, бұдан әрі заңсыз араласу фактілері туралы қысқаша ақпаратты баяндайды. Егер бар болса, фотосуреттер мен бейнематериалдарды қоса жібереді. Әрі қарай прокуратура ақпаратты сигнал бойынша 30 минут ішінде бағалайды және қажет болған жағдайда сигнал түскен объектіге барып жедел әрекет етеді", – деді прокуратура өкілі.



Кәсіпкерлерден түскен барлық хабарлама қала прокуратурасының дерекқорына түседі және аудандар бойынша топтастырылады. Кейіннен бұл ақпарат прокуратура мен кәсіпкерлер палатасына сигналдарды талдауға және қаланың жүйелік проблемаларының тізілімін қалыптастыруға көмектеседі. 


Кездесу барысында іс-шараға қатысушылар "Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ" жобасының жұмысына қатысты сұрақтар қойды.


Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Әуез Тайымбетов аталған жобадағы палата мен прокуратураның бірлескен жұмысы туралы хабарлады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы шағын бизнесті тексеру жөніндегі мораторийді 2024 жылға дейін ұзарту туралы жарлыққа қол қойғанына қарамастан, мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз тексеру жүргізу фактілері бойынша кәсіпкерлерден өтініштер әлі де келіп түсетінін еске салды.


Жиынның екінші бөлімі бизнес қоғамдастықтың нақты мәселелерін және оларды шешу жолдарын талқылау, қала прокуратурасының араласуын талап ететін түйткілді мәселелерді анықтауға бағытталған.


Прокуратура мен кәсіпкерлер палатасының осы бағыттағы бірлескен жұмысы туралы Алматы қаласы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы Данияр Ысқақов пен Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының бизнесті қорғау жөніндегі сарапшысы Тимур Зейнешев қысқаша баяндама жасады.



"Бизнесті қорғау желісі бойынша 2022 жылы палатаға кәсіпкерлер тарапынан 462 өтініш түсті. Өтініштердің құрылымын талдау 2022 жылы бизнесте сұрақтар туындаған негізгі мәселелерді анықтайды. Атап айтқанда, салықтық және кедендік әкімшілендіру – 11,9%, жер мәселелері – 24 5,2% және мемлекеттік органдардың әрекеттеріне шағымдар – 36 (7,8%). 2022 жылы өтініштердің көп саны төтенше жағдай режимін енгізумен байланысты, шамамен 12,7%. Өткен жылы қала прокуратурасымен бірлесіп, кәсіпкерлік субъектілерін қылмыстық қудалауға негізсіз тарту анықтау бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Осылайша, құқық қорғау органдарының қызметінде қылмыстық қудалау желісі бойынша кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласу бөлігінде тексерулер жүргізілді. Нәтижесінде, 2022 жылы қала прокуратурасы 21 қылмыстық істі өз бетінше тоқтатты, 51 істі тергеу органының өзі тоқтатты. Бұл қылмыстық істер заңсыз тергелді, кәсіпкерлердің құқығы өрескел бұзылды. Бұл жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі", – деді Тимур Зейнешев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#кәсіпкер #шағым #QR-код
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);