КӘСІБИ ШЕБЕРЛІКТІҢ ЖЕҢІСІ

КӘСІБИ ШЕБЕРЛІКТІҢ ЖЕҢІСІ Алматы мемлекеттік бизнес колледжі

Алматы қаласында өткен «Қызмет бағыты бойынша колледж директорларының орынбасарларының әдістемелік материалдарының қалалық конкурсында» Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Дуйсенбаева Улжалгас Камаловна «Наубайхана шеберлігі» құзыреттілік орталығының жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру тақырыбындағы әдістемелік жұмысымен І орынға ие болды.

Байқау барысында ол «Наубайхана шеберлігі» құзыреттілік орталығының үздіксіз жүргізіліп келе жатқан жұмыстары мен қол жеткізген нақты нәтижелерін жан-жақты таныстырды. Әдістемелік еңбекте орталықтың қызметін тиімді ұйымдастыру жолдары, демонстрациялық емтихандарды WorldSkills халықаралық стандарттарына сай өткізу, CIS жүйесі арқылы әділ бағалау, сондай-ақ студенттердің кәсіби және кәсіпкерлік қабілеттерін дамыту тәсілдері кеңінен қамтылған.

Аталған білім ордасында он жылдан астам уақыт бойы оқу-өндірістік жұмысқа жетекшілік етіп келе жатқан білікті маманның педагогикалық еңбек жолы 20 жылдан асады.

Бұл жеңіс — колледж ұжымының жүйелі еңбегінің, заманауи білім беру үрдісін табысты енгізу мен студенттердің кәсіби шеберлігін арттырудағы нақты нәтижелерінің айқын көрінісі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
19
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21

15:17

14:16

13:23

13:21

12:23

12:07