"Кәсіби біліммен жұмысқа орналасу: жас мамандарға арналған жаңа мүмкіндіктер"

  • 11:57, 10 маусым 2025
"Кәсіби біліммен жұмысқа орналасу: жас мамандарға арналған жаңа мүмкіндіктер" сурет: Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі

Жұмысшы мамандықтар жылына арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру шеңберінде 2025 жылғы 05 мамыр күні Дуальдық оқытуға қатысушы, колледжіміздің әлеуметтік серіктесінің кәсіпорны – Traveler`s Coffee кофейнясында 10130300 – Тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығының, 3W10130303 –  Аспазшы біліктілігі бойынша Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің үздік түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша «Жұмысшы мамандықтарының Prof-Marathon» іс-шарасы өткізілді.

Көптеген жылдар бойы Traveller's Coffee колледждің сенімді және тұрақты әлеуметтік серіктестерінің бірі болып табылады, онда біздің колледж студенттері кәсіби тәжірибеден өтіп, кейін жұмысқа орналасады. Сонымен қатар Traveller`s Coffee кәсіпорындардың тапсырысы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың – мақсатты тапсырыс бағдарламасына қатысады.

Аталған іс-шараның мақсаты – оқу процесі аясында табысты жұмыс іздеуге жағдай жасау, құзыреттілік деңгейін жоғарылату және жұмыс берушілер мен жас мамандар арасында тікелей байланыс орнату болды.

Бір күн ішінде қатысушылар бірқатар мастер-кластар мен семинарларға қатысуға мүмкіндік алды, онда қоғамдық тамақтану саласының сарапшылары өз тәжірибелерімен бөлісіп, жұмыс іздеу бойынша кеңестер берді. Талқылау тақырыптары түйіндеме жазудан бастап әңгімелесуден өту ерекшеліктерін және осы саладағы табысты мансап үшін қажетті жеке қасиеттерді дамытуға дейін қамтыды.

Осы іс-шара аясында 1 курс студенттері үшін кофе түрлерін дайындау бойынша мастер-класс өткізіліп, студенттер түрлі кофе түрлері, кофе дайындау дағдылары, құрал-жабдықтармен жұмыс істей білу туралы ақпараттар алды.

Мұндай бастамалар аймақтың кадрлық әлеуетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады және жастарға кәсіби амбицияларын жүзеге асыруға көмектеседі. Болашақта мұндай іс-шараларды кеңейтілген форматта және көптеген жұмыс берушілердің қатысуымен өткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, іс-шарада бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда мейрамханалардың, кафелердің және басқа да тамақтану кәсіпорындарының өкілдері өздерінің ашық позицияларын ұсынды. Қатысушылар жұмыс берушілерге сұрақтар қойып, қойылатын талаптар мен еңбек жағдайлары туралы біліп, әңгімелесуге дайындалу бойынша кеңестер алды.

Іс-шараға қатысқан бітірушілер оның пайдалылығы мен ақпараттық мазмұнын атап өтті.

«Мен түйіндемені дұрыс жазу және әңгімелесуге дайындалу туралы көп ақпарат білдім. Сондай-ақ жұмысшы іздеп жүрген мейрамхана өкілдерімен де сұхбаттасуға мүмкіндік туды», — деп Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің түлегі Александр Новиков өз әсерімен бөлісті.

Ұйымдастырушылардың бұл бастамасын жұмыс берушілер де жоғары бағалады.

 «Мұндай іс-шаралар бізге дарынды жас мамандарды табуға және бітірушілерге біздің олардан не күтетінімізді жақсы түсінуге көмектеседі», - деп Traveller's Coffee кофейнялар желісінің Бренд-шефы Аслан Ягмуров атап өтті.

Іс-шара 70-тен астам қатысушыларды, оның ішінде түлектер мен қызметтік өмірге алдын ала дайындалуға ниетті студенттерді қамтыды.

Ұйымдастырушылар оқу орындары мен бизнес арасындағы байланысты сақтау, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру саласына жастарды табысты жұмысқа орналастыру мақсатында мұндай кездесулерді жалғастыруды жоспарлап отыр. Бұл кадрлардың сапасын жақсартып қана қоймай, қала мекемелеріндегі қызмет көрсету деңгейін де арттыруға мүмкіндік береді.

Аронзон Татьяна, Traveler`s Coffee кофейнясының бас директоры, Ягмуров Аслан, Traveler`s Coffee кофейнясының Бренд-шефы, Абильдаева Толкын – Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы, Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы, сонымен қатар Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің директоры Нурдаулет Жабыкбаев студенттерге жұмысқа орналасуды растайтын сертификаттарды табыстады.

Осылайша, іс-шара түлектер мен жұмыс берушілер үшін жаңа көкжиектерді ашып, тәжірибе алмасу мен мүмкіндіктерді табудың сәтті алаңына айналды.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:

 Мекебаева Назым Аблезовна

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:44

18:05

17:52

17:51

17:47

17:44

17:40

17:26

17:06

16:29

16:17

16:12

15:59

15:38

15:22

14:44

14:41

14:18

14:08

14:03

13:36

12:53

12:42

12:32

12:19