AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ: ЖАҢА ФОРМАТ

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ: ЖАҢА ФОРМАТ

Білім және ғылым 11.02.2025, 12:03 872 Ардақ ҚОЖАХМЕТОВА, Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінің директоры
КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ: ЖАҢА ФОРМАТ
Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі

   Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінде дуалды білім беру жүйесі бойынша білім алушылардың саны бүгінде 560-қа жетіп отыр.

Колледж мектеп оқушыларына жұмысшы мамандығын насихаттау мақсатында кәсіби бағдар беру жұмысын жаңа форматқа көшіруді бастады. Демек, бұл өндірістік оқыту кезінде алғашқы күннен бастап тәлімгердің бақылауымен жұмыс дағдысы қалыптасқан білікті маман даярлауға бағытталған жұмыс өз деңгейінде ұйымдастырылып жатқанын байқатса керек. Болашақтың негізгі құрылысшысы – жұмысшы мамандығын насихаттау арқылы аянбай еңбек етіп, еліміздің инфрақұрылымының дамуын қамтамасыз етіп жүрген ұстаздар еңбегін дәріптеу – біздің алдымызда тұрған үлкен міндеттердің бірі. 

Мектеп бітіруші түлектердің болашақ мамандығын таңдап, толықтай зерделеуі үшін кәсіпорындарға экскурсиялар жасап, өзін маман ретінде сезінуіне ықпал ету маңызды. Алматы қаласының «Қазпошта» акционерлік қоғамында өткізіліп келе жатқан «Дублер күні» іс-шарасына қатысқан оқушының пошта саласына деген қызығушылығы оянары сөзсіз, ол сала қызметінің қыр-сырын түсініп, түйсініп, болашақ мамандығын таңдауға мүмкіндік алады.

Колледж ұжымының еліміздегі пошта байланысы саласының дамуына қосқан үлесі зор. Қазіргі таңда «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша ғаламтор тарту үшін қолданылатын талшықты оптикалық кабельді дәнекерлеу бағдары тікелей серіктесіміз – «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы тарапынан жоғары бағаға ие. Аталмыш мамандық цифрлық трансформацияға бағытталған экономиканың барлық саласында жоғары сұранысқа ие.

Жастар үшін үлкен мүмкіндік

Жақында кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін трансформациялау мақсатында 16 инженерлік-педагогикалық кадрымыз Германия, Оңтүстік Корея, Қытай, Бразилия мемлекеттерінде болып, тағылымдамадан өтіп қайтты. Олар әлемдік деңгейдегі ғылым мен техника саласында болып жатқан жаңа технологияларды игеріп, өз білімдерін жетілдіріп келді. Қазір сол тәжірибені өздерінің бағдарламаларына енгізіп, оқу процесінде қолданып жатыр. 

Өткен жылы Алматы қаласы әкімшілігі мен Білім басқармасы көрсеткен қолдаудың арқасында 80 жылдан астам тарихы бар колледждің ескі ғимараты толықтай сүріліп, орнына жаңа ғимарат бой көтерген еді. Сәтін салса, болашақ жұмысшы мамандықтары өкілдері материалдық-техникалық базамен жабдықталған жаңа оқу кабинеттері, шеберханалары мен жатақханасы бар заманауи білім ордасында оқитын болады. Бұл – мемлекетіміздің жастар үшін жасап отырған үлкен мүмкіндіктерінің бірі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мамандық #Ғылым #колледж
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент әкімшілігінің экс-басшысы “Әділет” партиясының төрағасы болып сайланды

Бүгін 13:09

Алматыда Отан қорғаушы күніне орай Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтерілді

Бүгін 11:55

АҚШ күштері Иран туы ілінген танкерге шабуыл жасады

Бүгін 11:29

Қазақстанда электромобильдерге жаңа түсті нөмір берілуі мүмкін

Бүгін 10:51

Бұршақ пен дауыл: Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Бүгін 09:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);