AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Кәрім Мәсімов тергеуге алынды

Кәрім Мәсімов тергеуге алынды

Заң мен тəртіп 14.11.2023, 08:57 1,465
Кәрім Мәсімов тергеуге алынды
Сурет: ашық дереккөз

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов ақша жымқырды және аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 



"Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кәрім Мәсімовке қатысты Қылмыстық кодекстің 208 бабы "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыруға делдалдық ету" және 366 бап "Аса ірі мөлшерде пара алу" баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастырып жатқанын хабарлаймыз", - делінген хабарламада.



Осыған орай, Қылмыстық атқару кодексінің 92-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотталған Кәрім Мәсімов прокуратураның санкциясымен қылмыстық іс аясындағы бірқатар тергеу әрекеттерін жүргізу үшін Астана қаласы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. 


Айта кетейік, сот қаулысымен Кәрім Мәсімов Қылмыстық Кодекстің 175-бабының 1-бөлігімен "Мемлекетке опасыздық жасау", 179-бабының 3-бөлігі “Билiктi күшпен басып алуға немесе билiктi күшпен ұстап тұруға бағытталған әрекеттер”, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен “Өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру” бойынша кінәлі деп танылып, үкімдерді ішінара толықтырып, түпкілікті 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылған болатын. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық қауіпсіздік #қылмыс #Кәрім Мәсімов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды құрылыс бағдарламасы өнеркәсіп кооперациясын дамытуға елеулі серпін береді

Бүгін 22:30

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Бүгін 21:01

Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық шешімдері «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

Бүгін 21:01

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);