AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Карачи қаласында өткен бизнес-форумда 10 млн АҚШ д...

Карачи қаласында өткен бизнес-форумда 10 млн АҚШ долларына келісімшарт жасалды

Әлеумет 07.05.2025, 18:58 622 Дина
Карачи қаласында өткен бизнес-форумда 10 млн АҚШ долларына келісімшарт жасалды
сурет: ҚР Сауда және интеграция министрлігі

Карачи қаласында Қазақстан мен Пәкістан арасындағы бизнес-форум өтті. Іс-шараға екі елдің 500-ден астам бизнес және мемлекеттік құрылым өкілдері қатысты.

Форумға нақты мәмілелер мен ұзақ мерзімді әріптестікке бағытталған кәсіпкерлердің белсенділігі ерекше серпін берді. Іс-шара аясында бірнеше коммерциялық келісімдерге қол қойылды. Соның ішінде қазақстандық Optima Development компаниясы мен пәкістандық Friesland Campina Engro арасында жалпы сомасы 10 млн АҚШ долларын құрайтын келісімшарт жасалды. Құжат Қазақстанға ірімшік, йогурт және кондитерлік өнімдер өндірісіне қолданылатын сусыздандырылған сүт майын жеткізуді көздейді.

«Бұл Пәкістанмен осындай ауқымдағы алғашқы келісімдердің бірі. Бұл бір реттік тауар жеткізу емес, ұзақ мерзімді әрі стратегиялық серіктестіктің бастауы деп есептейміз. 240 миллион халқы бар Пәкістан – Қазақстан үшін зор экспорттық әлеуетке ие ел», - деді Optima Development компаниясының бас директоры Жанат Басанұлы.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне қарасты QazTrade сауда саясатын дамыту орталығының деректеріне сәйкес, 2023–2024 жылдары Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тауар айналымы 2,1%-ға өсіп, 53,6 млн долларға жеткен. Қазақстаннан Пәкістанға экспорт көлемі 2,1 есеге артып, 11,8 млн долларға дейін өскен. Экспорттың негізгі бөлігін ауыл шаруашылығы өнімдері: пияз, сарымсақ, зығыр тұқымы, бұршақ тұқымдастар және металл конструкциялар құрайды. Ал Пәкістаннан импорт көлемі 41,9 млн АҚШ долларын құрады. Оның ішінде цитрус жемістері, дәрілік препараттар мен тоқыма бұйымдары бар.

Сондай-ақ, форум аясында Қазақстанға Карачи мен Гвадар порттарына қолжетімділікті қамтамасыз ететін Транзиттік сауда туралы келісімге қол қойылды. Бұл құжат екі ел арасындағы жаңа көлік-логистикалық бағыттарды дамытуға және экономикалық байланысты нығайтуға негіз қалайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сауда және интеграция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқудың маңызы зор

Бүгін 17:28

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Бүгін 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Бүгін 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Бүгін 12:24

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика