ffin.kz

Канвон-2024: Кристина Шумекова мен Ерасыл Шыңғысхан жасөспірімдер олимпиадасында Қазақстан туын ұстап шығады

Канвон-2024: Кристина Шумекова мен Ерасыл Шыңғысхан жасөспірімдер олимпиадасында Қазақстан туын ұстап шығады Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

 Санаулы күндерден кейін Оңтүстік Кореяда алауы тұтанатын қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанатында еліміздің Көк Туын ұстап шығатын спортшылар белгілі болды. «Мемлекеттер шеруі» кезінде Қазақстанның байрағын петропавлдық конькимен жүгіру спортының өкілі Кристина Шумекова мен оралдық шорт-трекші Ерасыл Шыңғысхан ұстап шығады. Аталған спортшылар жарыстардағы жоғары жетістіктері үшін ғана емес, сонымен қатар халықаралық аренадағы жеңіске деген жігері үшін таңдалды. Он сегіз жасар Кристина Шумакова конькимен жүгіру спортынан ҚР спорт шебері, өзінің жас санатындағы Қазақстан Республикасының чемпионы, 2023 жылғы Әлем Кубогының итальяндық кезеңінің күміс жүлдегері. Он жеті жасар Ерасыл Шыңғысхан шорт-тректен спорт шеберіне кандидат, өзінің жас санатындағы Қазақстан Республикасының чемпионы, сондай-ақ «Азия балалары» 2023 халықаралық жарысының күміс жүлдегері.



«Бұл – мен үшін өте әсерлі сәт. Жасөспірімдердің қысқы Олимпиадасында  Қазақстанды таныстыру – абыройлы міндет қана емес, үлкен жауапкершілік. Мен жарыс жолында бар күш-жігерімді салуға уәде беремін. Төрт жылдықтың басты додасына қатысатын әрқайсымыз Олимпиада медалін жеңіп алғымыз келеді және бұл Ойындар біздің осы мақсатқа жету жолындағы тамаша мүмкіндігіміз», - деп өз әсерімен бөлісті Кристина Шумекова.



Шорт-тректен Қазақстан құрамасының мүшесі Ерасыл Шыңғысхан да өз ойын ортаға салды: «Мен үшін Ту ұстаушы болу – үлкен жауапкершілік. Біздің ұлттық құрама спортшылары алдағы байрақты бәсекеге дайын және біз Оңтүстік Кореядағы жарыста ел намысын абыроймен қорғайтынымызға сенімдімін. Жасөспірімдер Олимпиадасына қатысу – әрқайсымыз үшін зор тәжірибе, кәсіби спортшы ретінде өсуімізге мол мүмкіндік».


Олимпияда ойындарына дайындық бойынша штаб басшысы Елсияр Қанағатов ту ұстаушылардың дұрыс таңдалғанына сенімді екенін жеткізді: «Кристина мен Ерасыл – біздің мықты әрі ұйымшыл командамыздың жарқын өкілдері. Олардың кәсібилігі, ынта-жігері мен спортқа деген адалдығы Оңтүстік Кореяға баратын жасөспірімдер құрамасы мүшелерінің бойынан ең жақсы қасиеттері дәлелдеп тұр. Аталған спортшылар – ел спортының жаңа буыны, біз олардың қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасында өнер көрсетуін асыға күтеміз. Сонымен қатар жас спортшылар Ойындарға қатысу арқылы тек тәжірибе жинап қана қоймай, өз шеберліктерін шыңдау жолында құнды сабақ алады деп үміттенеміз».



Айта кетейік, Канвон-2024 IV қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасы 19 қаңтардадан 1 ақпанға дейін Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясында өтеді. Азия құрлығында алғаш рет ұйымдастырылып жатқан Жасөспірімдердің қысқы Олимпиадасына әлемнің 50 елінен 1800 спортшы қатысады деп жоспарланған. 7 спорт түрінен (15 бағдарлама) 81 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан құрамасының 42 спортшысы 5 спорт түрі бойынша бақ сынайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07