AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Канье Уэсттің Алматыдағы концерті дәл белгіленген...

Канье Уэсттің Алматыдағы концерті дәл белгіленген уақытта басталды

Мәдени Алматы 15.08.2026, 22:01 253
Канье Уэсттің Алматыдағы концерті дәл белгіленген уақытта басталды
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Стадион жанкүйерлердің айқайы мен қол шапалағына бөленіп, ерекше қуатқа толды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Канье Уэсттің Алматыдағы концерті дәл белгіленген уақытта басталды. Алғашқы минуттардан-ақ бұл кештің ерекше болары сезілді.

Концерттің кейінге шегерілуіне, ұзақ күту мен соңғы күндердегі алаңдаушылыққа қарамастан, көрермендер көтеріңкі көңіл күйін жоғалтпай, жұлдыздың сахнаға шығуын асыға күтті. Канье сахнаға шыққан сәтте мыңдаған көрермен оны зор қошеметпен қарсы алды. Стадион жанкүйерлердің айқайы мен қол шапалағына бөленіп, ерекше қуатқа толды.

Бүгін ауа райы да осы үлкен музыкалық кешке қолайлы болып тұр: Алматыда күн жылы әрі ашық. Керемет атмосфера, музыка және әлемдегі ең көп талқыланатын артистердің бірін көруге жиналған мыңдаған көрермен.

Көрермендердің ықыласы ерекше әсер қалдырды. Концерттің кейінге шегерілгеніне қарамастан, жұлдыз сахнаға шыққан сәтте ұзақ күтудің бар қиындығы артта қалды. Жұрт көптен күткен өнерпаздың сахнаға шыққанына қуанып, концерттен ләззат алды.

Бүгін Алматының үні ерекше асқақ. Мыңдаған адамның дауысы, сахна шамдары мен көрермендердің қуаты сөзбен жеткізу қиын айрықша атмосфера қалыптастырды. Бұл кеш бүгін осында болғандардың жадында ұзақ сақталары анық.

Ең бастысы – ұзақ күткен сәт келді. Канье Уэст Алматыда, концерт басталды, ал көрермен көптен күткен сәтіне куә болды.

Концерттің ауқымы мен деңгейі де ерекше әсер қалдырады. Бұл – көрінісі мен техникалық орындалуы жағынан өзгеше деңгейдегі ауқымды халықаралық шоу. Қуатты дыбыс, арнайы эффектілер мен отшашу бір-бірімен үйлесіп, әлемдік деңгейдегі шоудың ауқымын айқын көрсетіп тұр.

Стадион көрерменге лық толы. Соған қарамастан, іс-шара тыныш әрі ұйымдасқан түрде өтіп жатыр: бейберекетсіздік пен адам кептелісі жоқ, көрермендер өз орындарында, ал стадион кеңістігін музыка мен жарық көмкерген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Концерт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Германияның маңдайалды жоғары оқу орындары ректорларымен және ғылыми институт жетекшілерімен кездесті

Бүгін 01:00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөз жүргізді

Бүгін 22:45

Қазақстан-Германия бизнес форумында маңызды келісімдер жасалды

Бүгін 22:30

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Бүгін 21:15

Қазақстан Республикасының Президенті мен Германия Федеративтік Республикасы Президентінің Бірлескен Декларациясы

Бүгін 21:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);