AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Каменское плато» шағын ауданында жаңа скважиналар...

«Каменское плато» шағын ауданында жаңа скважиналар салынады

Әлеумет 15.06.2023, 05:58 848
«Каменское плато» шағын ауданында жаңа скважиналар салынады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматыда Медеу ауданы әкімдігі мен «Алматы Су» МКК өкілдері «Каменское плато» шағын ауданының тұрғындарымен кездесті.


Оның барысында суық сумен жабдықтау мәселесін шешу жолдары түсіндірілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Еске салсақ, «Каменское плато» шағын ауданында су тапшылығы  соңғы 5 жылда байқалды. Осы елді мекеннің тұрғындарын сумен қамтамасыз ету жер асты суларының көзінен жүзеге асырылады – бұл мұндағы үш скважина. Мамандар су қысымының төмендеуінің негізгі себебін осы аймақтағы халықтың өсуімен байланыстырады. Скважиналардағы су деңгейі 2,5 есе төмендеді – жобалық 150 м3/сағ-тан 60 м3/сағ-қа дейін және су деңгейінің төмендеуі жалғасуда.



Бұл мәселені шешу үшін 2023 жылы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша ТЖ желісі бойынша екі жаңа су көздерін (4 скважина) жайластыру және іске қосу, сондай-ақ халыққа су беруді ұлғайту үшін модульдік станциялары бар жаңа резервуарлар мен магистральдық құбырлар салу жөніндегі жобаны әзірлеу басталды. Құрылыс-монтаж жұмыстары мамыр айында басталып, ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда. Жобаны іске асыру «Каменское плато», «Көлсай», «Юбилейный» және «Мұзтау» шағын аудандарын тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.



Жұмыстар аяқталған соң жобаның келесі кезең «Каменское плато» шағын ауданын қолданыстағы сумен жабдықтау желілерімен қосу болады. Ол үшін су құбыры мен кәріздің тарату желілерін салу бойынша жоба әзірленді, ол жүргізілген құрылыс-монтаждау жұмыстарын ескере отырып түзетілетін болады. Жобаны іске асыру 2024 жылға жоспарланған.


Қазіргі уақытта тұрғындарға су беру проблемаларына байланысты күнделікті қосымша тасымалдау ұйымдастырылды. Бұл жағдай қала әкімдігінің бақылауында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су #каменка #әкім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 20:17

«Логотип әзірлеу және оны презентациялау» байқауы: шығармашылық пен кәсібиліктің тоғысуы

Бүгін 19:13

«Вечерний Алматы» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толды

Бүгін 18:27

Саз әлемінің сардары дүниеге келген күн: Ахмет Жұбанов туралы сіз білмейтін 10 дерек

Бүгін 18:02

Алматыда инклюзия жүйесін құру жолдары талқыланды

Бүгін 17:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика