AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жыл соңына дейін 26 жатақхана салынады

Жыл соңына дейін 26 жатақхана салынады

Әлеумет 02.06.2023, 05:01 955
Жыл соңына дейін 26 жатақхана салынады
Сурет: Еgemen.kz

Инвесторлармен алдын ала келісімдер жасалуда.


2026 жылға дейін бүкіл ел көлемінде студенттік жатақханаларда 30 мың орын ұйымдастыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен жиында айтылды.



"Қарағанды ​​және Маңғыстау облыстарында 900 орындық екі жатақхана пайдалануға берілді. Республикада жыл соңына дейін 8,3 мың орынға есептелген тағы 26 жатақхана пайдалануға беріледі", - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.



Кезекті мониторинг барысында Астана, Алматы және Көкшетау қалаларында қаржының болмауынан және басқа да себептерден құрылыс мерзімінің бұзылу қаупі бар 2,1 мың орынға шақталған 6 жатақхана анықталды, сондай-ақ Павлодар облысында жатақхананы реконструкциялау жұмыстары кешеуілдеген.


Жиында жоспарға 1600-ден астам орынға арналған 8 әлеуетті нысанды енгізу ұсынылды. Оларды пайдалануға беру осы жылдың соңына дейін Астана, Шымкент қалалары мен Жамбыл облысында жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда инвесторлармен алдын ала келісімдер жасалуда, әкімдіктер жол карталарына өзгерістер енгізуде.



"Студенттерді жатақханамен қамту бойынша барлық жоспар қатаң сақталуы тиіс. Бұл ретте салынып жатқан жатақханалар санын көбейту бастамасы құпталады", — деді премьер-министрдің орынбасары.


 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#инвестор #жатақхана #Студент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:33

Қостанайда ең ауқымды «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді

Бүгін 12:17

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер ұрпақтар арасындағы байланысты күшейтуге қалай атсалысып жүр

Бүгін 11:31

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер қоғамдық келісімді нығайтуға атсалысып жатыр

Бүгін 11:27

ЖИ егіс алқаптарына да жетті

Бүгін 11:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика