Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жыл басынан бері 7,3 мыңнан астам қазақ қандас мәр...

Жыл басынан бері 7,3 мыңнан астам қазақ қандас мәртебесін алды

Әлеумет 25.06.2024, 08:48 655
Жыл басынан бері 7,3 мыңнан астам қазақ қандас мәртебесін алды
сурет: Alashainasy.kz

2023 жылдан бастап "бір терезе" қағидасы бойынша Қазақстан елшіліктері арқылы қандас мәртебесін беру механизмі енгізілді.

Еңбек министрлігі бес айда келген қандастардың санын атады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

"2024 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 7 353 этникалық қазақ тарихи отанына оралды. Жалпы 1991 жылдан бері барлығы 1 миллион 135,7 мың этникалық қазақ елге оралды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ министрлік этникалық қазақтардың республикаға оралуына қатысты бірнеше дерек ұсынды.

Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың

49,4%-ы Қытайдан,

6,3%-ы – Түрікменстаннан,

5,4%-ы - Моңғолиядан,

34,4%-ы - Өзбекстаннан,

3,2%-ы - Ресейден,

1,3%-ы басқа елдерден келген.

Еңбек министрлігінің мәліметі бойынша еңбекке қабілетті жастағы қандастардың саны 59,1%-ды, кәмелетке толмағандар 31,2%-ды және зейнеткерлер 9,7%-ды құрайды.

"Білім деңгейі бойынша еңбекке жарамды қандастардың 16,9%-ы жоғары, 22,6%-ы орта арнаулы, 55,3%-ы жалпы орта білімі бар, 5,2%-ының білімі жоқ", - делінген хабарламада.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қандас #әлеумет #мәртебе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда ВИЧ-ке шалдыққан екі трансвестит ауруын біле тұра ақшаға интим қызмет көрсеткен (ВИДЕО)

Бүгін 14:29

Медиаплюрализм: қысқы журналистика мектебі сарапшылардың басын қосты

Бүгін 14:20

Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Бүгін 14:16

Алматылық өрендердің өнер байқауы Мұқағали поэзиясына арналды

Бүгін 14:05

Алматыда ҮЕҰ осал топтағы туберкулезбен ауыратын науқастарды сүйемелдейді

Бүгін 12:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі