AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жуырда Қазақстанда TikTok-тың офисі ашылады

Жуырда Қазақстанда TikTok-тың офисі ашылады

Әлеумет 30.09.2022, 05:17 1,450
Жуырда Қазақстанда TikTok-тың офисі ашылады
Сурет: Gov.kz

TikTok интерфейсіне қазақ тілін енгізу және қазақша контентті бірлесе дамыту ұсынылды.


Жуырда Қазақстанда TikTok-тың офисі ашылады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Әлеуметтік желіде министр TikTok компаниясының вице-президенті Тео Бэртраммен кездескенін хабарлады.



«Кездесуде TikTok интерфейсіне қазақ тілін енгізу және қазақша контентті бірлесе дамытуды ұсындым. Компания өкілі желіге қазақ тілін орнату жайы қарастырылып жатқанын жеткізді. Министрлік ақпарат, жастар, отбасы және азаматтық қоғамды дамыту бойынша уәкілетті орган болғандықтан, компаниямен креативті контенттер және заманауи сапалы материалдар жасауға мүдделі. Мәселен, желіде Bala house, «Ел бірлігі» жобалары жақсы көріліп жатыр. Бұл бағыттағы жобаларды бірге жалғастырып, TikTok хаустарды ұйымдастырамыз. Себебі компания желіде білім беруге қатысты, имидждік контенттерді көбейтуді де жоспарлап отыр екен»,- деп жазды министр.



Дархан Қыдырәлінің хабарлауынша, Тео Бертрамды жуырда өтетін Astana Media Week апталығына шақырған. Ал мәртебелі мейман ауқымды іс-шараға қатысуға ынталы екенін білдірген.



«Тағы бір жаңалық, жуырда Қазақстанда TikTok-тың офисі ашылады. Бұл Қазақстанның белгілі компаниямен тығыз байланыс орнатып, елге қажетті дүниелерді ақылдаса отырып жасауға таптырмас мүмкіндік деп ойлаймын.Астанада өткен Digital Bridge форумында Мемлекет басшысы Қазақстанның алдында цифрлық трансформацияның басымдықтарын жариялағаны белгілі. Аталған кездесулер Президент қойған міндеттерді сапалы орындауға мүмкіндік береді деп сенемін», - деп жазды министр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#министр #тик-ток #Қазақстан #офис
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қуыршақ театры Алматы күніне орай қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады

Бүгін 18:15

Астанада «Қазақы тазы» монотұқымдық көрмесі өтті

Бүгін 17:57

Алматыда Қала күніне орай алма жәрмеңкесі өтіп жатыр

Бүгін 17:38

Қала күніне орай Алматының бірнеше алаңында көрмелер өтіп жатыр

Бүгін 17:33

Үкіметте Ұлттық білім беру деректер қорын жаңғырту барысы қаралды

Бүгін 17:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);