AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Журналистердің жұмысына кедергі келтірген күзетші...

Журналистердің жұмысына кедергі келтірген күзетші сотталды

Әлеумет 08.02.2023, 12:40 1,034 Almaty-akshamy
Журналистердің жұмысына кедергі келтірген күзетші сотталды
Сурет: Ашық дереккөз

Сотталушы өз кінәсін мойындап, өзін ақтауды өтінді


Петропавлда БАҚ өкілдерінің кәсіби қызметіне кедергі келтіру бойынша алғаш рет қылмыстық іс қозғалып, сот үкім шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Солтүстік Қазақстан облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл қалалық соты бүгін журналистердің кәсіби қызметіне кедергі келтіру дерегі бойынша айыпталушы С.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.


2021 жылдың 2 тамызы күні «Хабар» агенттігінің журналистері «Ashyq» мобильді қосымшасы жайында сюжет түсіру үшін «DostyqMall» ойын-сауық орталығына барады. Алайда, орталықтың қауіпсіздік қызметінің бастығы С. бейнеоператорға түсірілім жасауға рұқсат бермейді. Кейін оның нұсқауымен күзет қызметінің қызметкерлері түсірілім тобын далаға шығарып жіберген. Күш көрсетуден бейнекамераға зақым келді. Сотталушының кінәсі дәлелденді.


Прокуратура ҚР «Рақымшылық жасау туралы» заңын қолданып, негізгі жазадан босата отыра, сотталушының бостандығын бір жылға шектеуді және үш жылға дейін күзет қызметіне қатысты лауазымды атқару құқығынан айыруды сұрады.


Сотталушы өз кінәсін мойындап, өзін ақтауды өтінді.


Сот сотталушының кішкентай үш баласының барын есепке алып, бостандығын бір жылға шектеу туралы үкім шығарды. Бірақ, ҚР «Рақымшылық жасау туралы» заңы негізінде жазадан босатылды. Сондай-ақ, отбасының жалғыз асыраушысы екені ескеріліп, қосымша жаза қолданылмады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#күзет #журналист #сот
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлт руханиятының құндылықтары сөз болды

Бүгін 19:46

Алматы қаласының Мәслихатына жаңа депутат сайланды

Бүгін 18:44

«Түркі мемлекеттері ұйымы – геосаяси жоба емес»

Бүгін 18:41

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің цифрландыру және ЖИ саласындағы стратегиялық бағдарын баяндады

Бүгін 18:38

Мемлекет басшысы саммитте талқыланатын жасанды интеллект және цифрлық дамудың өзектілігіне назар аударды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);