AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Жүректерді елжіреткен жыр кеші

Жүректерді елжіреткен жыр кеші

Мәдени Алматы 09.02.2025, 13:34 867 Айжамал Жолдасқызы
Жүректерді елжіреткен жыр кеші
Алматы сән және дизайн колледжі

Алматы сән және дизайн колледжінде қазақ поэзиясының мұзбалағы, халқымыздың аяулы перзенті Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған "Мұқағали оқулары" атты әдеби кеш өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл рухани шараны кітапхана қызметкерлері Жандар С.И., Чалдибекова Ж.Б. және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Смаилова А.Қ., Баймуратова А.К., Нұрсейт Е.Р ұйымдастырып, оны көркемдік деңгейі жоғары әдеби басқосуға айналдырды.

Ақын жырлары жүректерді елжіретіп, жан дүниені тербеді. Өлең оқылған сайын залдағы атмосфера өзгеше бір күйге енді. Қазылар алқасы қатарында отырған Қазақстанның Құрметті азаматы, ақын Гүлнар Рақымжанқызы, "Құрмет иесі" сыйлығының иегері, ақын Серікбол Ермахан, колледж әдіскері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Керімбекова Ж.Р. және қаламгер, кітапханашы Айжамал Жолдасқызы – бәрі де ақын жүрегінің нәзіктігін, жырдың шексіз құдіретін жан-тәнімен сезініп отырды. Олар әрбір өлең оқылған сайын көзіне жас алып, поэзияның шынайы қуатын жүрекпен қабылдады. Бұл кеш – жай ғана сайыс емес, жырмен сырласу, өлең арқылы жүректерді табыстыру сәті болды. Мұқағали: "Ақын болу – жүрек ісі!" дейді.

Осы кеште жас оқырмандар сол ақындық жүректің нәзіктігі мен тереңдігін айқын сезінді. Өлең – жалаң сөз емес, жүректің үні екенін ұғынды. Студенттер ақынның мұраларын жатқа оқып қана қоймай, оның шығармашылығына арналған эсселерін ұсынды, мәнерлеп оқудың шеберлігімен ерекшеленді. Кеш барысында қойылымдар қойылып, ақын жырларының көркемдігі жаңа қырынан танылды. Өлеңге деген сүйіспеншілік - жүрек байлығы. Колледж студенттерінің Мұқағали оқуларына деген талпыныстарын көріп, шынайы құрметімді білдіргім келеді. Ақын жырларын жүректеріңізбен оқып, оның әр сөзін сезіне білу – үлкен өнер. Кейде адам өз еңбегінің бағаланбағанын сезініп, сағы сынып, жігері құм болуы мүмкін. Бірақ Мұқағали да бір кездері мойындалмаған, оның жырларын түсінбегендер болды. Соған қарамастан, ол тоқтамады. Егер ол жазуды доғарғанда, біз бүгін осындай ұлы поэзиядан айырылып қалар едік. Сіздерге тілерім – өздеріңізге сеніңіздер, армандарыңыздан бас тартпаңыздар! Бүгін оқыған әр өлеңіңіз – сіздің болашағыңызға жазған ізіңіз.

Егер Мұқағали: "Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!" – деп айтса, сіздер де өз жолдарыңызды тауып, оны сүйіспеншілікпен жүріңіздер. Қанша қиындық кездессе де, осы әлемге өз ізіңізді қалдыруға келгеніңізді ұмытпаңыз! Бүгінгі шабыт – ертеңгі жетістікке бастар жол. Кеш соңында қазылар алқасы жастардың өлеңге деген сүйіспеншілігін жоғары бағалап, әрбір өнерпаздың жүрегінен шыққан жырдың өзіндік бояуы мен әсерін атап өтті. Олар үшін бұл кештің қазылар алқасында болудың өзі бір бақыт еді. Себебі ақын жүрегі – жырдың мекені, ал жырды тыңдай білу – жүректің ең асыл қасиеті. Мұқағали жырлары ғасырдан ғасырға жалғасып, қазақ руханиятының шамшырағы болып қала бермек! 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мұқағали #кеш #колледж
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);