Принтмедиа технологиялар колледжінде 2025 жылғы 24 сәуірде өткен мерекелік іс-шара – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болды.
2024-2025 оқу жылында аталмыш оқу орнынан 534-ке жуық түлек полиграфия және басқа да сұранысқа ие жұмысшы мамандықтары бойынша диплом алып, еңбек жолын бастауға дайын. Бұл — кәсіби білім беру жүйесінің нақты нәтижесі мен сапасының айғағы.
Кәсіби тәжірибеден өткен студенттерге жұмыс берушілер тарапынан «Алтын сертификат» табысталуы — олардың еңбегіне берілген жоғары баға. Бұл сертификат — тек құрмет қана емес, болашаққа деген сенімнің нышаны. Мұндай жүйе жастардың теорияны тәжірибемен ұштастырып, нақты өндірістік ортада біліктілік алуына мүмкіндік береді.
50 үздік түлек – мансап жолында нық қадам
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылған бұл іс-шарада колледжіміздің 50 шақты үздік түлегі «Алтын сертификатпен» табысталып, тұрақты жұмысқа орналасты. Олар өздерінің кәсіби жетістіктерімен колледж абыройын көтеріп, оны мансап жолына шығарды.
Полиграфия саласы – нарықтың қажетті бағыты
Бүгінде полиграфия саласы – нарықта жоғары сұранысқа ие, қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың бірі. Баспа өнімдеріне, қаптамаларға, жарнамалық материалдарға және сан алуан полиграфиялық қызметтерге деген қажеттілік артып келеді. Сондықтан бұл салада білім алған білікті мамандар – еңбек нарығы үшін аса құнды.
Іс-шара барысында үздік түлектерді марапаттауға біздің сенімді серіктес жұмыс берушілеріміз де белсенді атсалысты. Атап айтқанда:
- Хусаинова Сауле Камиевна – ЖШС РПБК «Дәуір» баспаханасының өндірістік-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы,
- Маулунбердов Нурлан – ТОО «Баспагер» компаниясының сату жөніндегі директоры,
- Илахунов Абдушкер Сабирович – ТОО «Easy Pack PRO» компаниясының директоры,
- Балгабаев Даулет Алимбаевич – ТОО «Smart university press» баспасының директоры,
- И. Т. Бегалиев – ТОО «Полиграфкомбинат» директоры,
жас түлектерге салтанатты түрде «Алтын сертификат» табыстап, олардың еңбек жолындағы алғашқы жетістігін атап өтті.
«Алтын сертификат» иегерлері – тек өздерінің жеке жетістігін ғана емес, бүкіл кәсіби білім беру жүйесінің сапалы нәтижесін көрсетті. Бұл марапат – жастардың жігерін жанып, мемлекет тарапынан көрсетілген сенім мен қолдаудың нақты көрінісі. Полиграфия секілді еңбек нарығында сұранысқа ие бағыттар бойынша кәсіби мамандар даярлау – ел экономикасының тұрақты дамуына қосылатын маңызды үлес. Бұл сертификат – оқу жетістіктерінен кәсіби білім, білік пен ұмтылысты нақты іске асыру кезеңіне өту нүктесін білдіреді. Ол түлектің таңдаған мамандығына деген адалдығы мен дайын екенін айқындайтын символға айналды. Алтын сертификат – түлектердің табандылығы мен еңбекқорлығына көрсетілген шынайы алғыс белгісі, әрі олардың кәсіби жолдағы алғашқы маңызды қадамын білдіретін мәртебелі марапат. Сертификат иегерлері енді кәсіби мамандар қатарында. Болашақтары – жетістікке, өсімге және өзара құрметке толы боларына сенім мол. Бұл қадам – үлкен жетістіктердің алғашқысы болғай!