конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жолдау 2023 / Жолдауда жаңа экономикалық бағыттар айқындалды

Жолдауда жаңа экономикалық бағыттар айқындалды

Жолдау 2023 02.10.2022, 05:00 1,663
Жолдауда жаңа экономикалық бағыттар айқындалды
Сурет: Inform.kz

Президент Жолдауына қатысты үн білдірушілердің бірінің пікірін Almaty-akshamy.kz Assembly.kz-ке сілтеме жасап ұсынып отыр.


Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев алтыншы шақырылымдағы Парламенттің 6-сессиясына қатысып, Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын жариялады.


Саяси құжатта Президентіміз жаһандық пандемия жағдайында алдыңғы сапта тынымсыз еңбек еткен мамандарға алғыс айтты. Сондай-ақ басты міндеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақталықты сақтауға бағытталатынын атап өтті.


Мемлекет басшысы Жолдауда «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны» негізгі бағдар етіп, ұстануымыз қажеттігіне айрықша тоқталды.


Қоғамда көптен бері талқыланып келе жатқан жерге байланысты жеріміздің шетелдіктерге сатылмайтынын мәлімдеп, ел Үкіметіне ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеу бойынша нақты тапсырма берді.


Мемлекет басшысы Қазақстанның экономикалық бағыты 7 негізге сүйену керектігін меңзеп, экономика халықтың әл-ауқатын жақсартуға жұмыс істеуі тиістігіне тоқталды. Президентінің айтуынша, игілік пен міндетті тең бөлу, жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі, жаңа кәсіпкерлерге арналған нарықты қалыптастырып, әділ бәсекелестікке жағдай жасау – негізгі бағыттар қатарында болмақ. Сонымен қатар, өндірісті арттыру, күрделі әрі технологиялық экономикаға иек арту; адам капиталын дамытып, инвестиция мен білімнің жаңа түрін қалыптастыру; экономиканы жасылдандырып, қоршаған ортаны қорғау; мемлекеттің негізделген шешімдер қабылдап, қоғам алдында сол үшін жауап беруін қамтамасыз ету – басымдықтар қатарына кіреді.


Қоғамда қордаланған түйткілді жайттар мен олардың шешу жолдары туралы айтқан Президентіміз барлық саладағы түйіндердің жүйелі тарқалатынын жеткізді.



Қ.К.Тоқаев: «Ішкі жалпы өнімнің абстрактілі өсімімен жұртты қуанта алмаймыз. Халыққа тұрақты жұмыс орындары, қолайлы жол, ауруханалар мен мектептер, сапалы азық-түлік керек. Экономикалық реформалар азаматтардың табысын арттырып, тұрмыс сапасының жоғары стандартын қамтамасыз еткенде ғана өзін-өзі ақтап, қолдауға ие болады. Осыны әрдайым есте ұстауымыз қажет», деді.



Ендеше, ел тұрғындары Мемлекет басшысы межелеп берген бағытты нық ұстап, экономикамызды жақсарту жолында жұмылған жұдырықтай жинақы жұмыс істеуіміз қажет. Әсіресе, жеті экономиалық негізге сүйеніп, сенімді әрекет еткеніміз абзал.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #жолдау #пікір
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Аустралия жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейтіп жатыр

Бүгін 18:36

Күту мен таңдау: сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың электоралды көңіл-күйі қалай өзгерді?

Бүгін 18:31

Күту мен таңдау: сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың электоралды көңіл-күйі қалай өзгерді?

Бүгін 18:28

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында өкпе обырын скринингтеу жалғасады

Бүгін 17:47

Алматы онкология орталығында өкпе обырының алдын алу апталығы өтті

Бүгін 17:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);