Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жол құрылысында жемқорлық тыйылмай тұр

Жол құрылысында жемқорлық тыйылмай тұр

Әлеумет 13.07.2024, 12:53 957
Жол құрылысында жемқорлық тыйылмай тұр
Almaty-akshamy.kz. 

Ағымдағы жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық жолдардың сапасыздығын атап өтті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Осыған байланысты Агенттік пен Үкіметке осы саладағы жемқорлық көріністерін жою тапсырылды. Жартыжылдық кеңейтілген алқа отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы А. Жұмағали жол саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталғанын атап өтті.

Ең алдымен, жұмыстарды жоспарлаудан бастап оларды қабылдауға дейінгі барлық құрылыс процестері зерделенетін болады, НҚА мен ҚНжЕ жемқорлық нормаларына, қақтығыстар мен олқылықтарға тексеру жүргізілді. Агенттіктің қылмыстық-құқықтық тәжірибесі көрсеткендей, ЖСҚ құнын асыра бағалау орын алудын және сапасыз материалдар, жабдықтар мен технологиялар пайдаланылатынын көрсетеді.

Жұмысты толық көлемде орындамайтын үлестес және жосықсыз компаниялар тартылған. Жалпы, соңғы 3,5 жылда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 65 жемқорлық құқық бұзушылықты тіркеді, олар бойынша залал шамамен 9 млрд теңгені құрады. Жұмыстың екінші бағыты жолдардың ағымдағы құрылысына мониторинг жүргізу. Бүкіл ел бойынша 2 трлн теңгеден астам қаржы бөлінген 217 учаске қамтылды. Агенттіктің ерекше бақылауымен 12 ауқымды жоба бар. Олардың әрқайсысына жергілікті жерлерде жұмысты үйлестіретін жауапты тұлғалар бекітілді.

Барлық өңірлерде қоғам белсенділері, сондай-ақ осы саладағы сарапшылар кіретін мониторингтік топтар құрылды. Қазірдің өзінде талдау барысында бұзушылықтар анықталуда. Мәселен, 5 өңірде 4,8 млрд теңге сомасына артық және қайталама жұмыстарды қосу жолымен сметаларды асыра бағалау анықталды, ал 6 өңірде жүргізілетін жұмыстарды тиімсіз жоспарлау белгіленді. Мысалы, Абай облысында 20 млн теңгеге шұңқырлы жөндеу жүргізілгеннен кейін, сол учаскеде 1 млрд теңгеге ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Көлік министрлігінің Жол активтерінің сапасы орталығының жұмысына ерекше назар аударылатын болады.

Тек 4 өңірде ғана Орталықпен 526 бұзушылық анықталды, олар кейіннен жойылмады. Талдау қорытындылары туралы Президент пен жұртшылық хабардар етіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол #жосықсыз #құрылыс #Сыбайлас жемқорлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика