ffin.kz

Жол апатына түсіп қаза табатын жасөспірімдер саны артқан

Жол апатына түсіп қаза табатын жасөспірімдер саны артқан Сурет: ашық дереккөз

Ішкі істер министрлігі жол қозғалысына қатысушылардың бәрін жол ережесін сақтауға шақырады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Жолдағы қауіпсіздік жағдайы маңызды және өзекті мәселенің бірі болып қала береді.


Биыл апаттың барлық көрсеткіші аздап төмендеді:



  • жол-көлік оқиғалары — 4%

  • онда қаза болғандардың саны — 2%

  • жарақат алғандардың саны — 8%.


Атқарылған жұмыс нәтижесінде мыңнан астам азаматтың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ.



«Мен ата-аналарға, тәрбиешілерге, ұстаздарға және еліміздің ересек тұрғындарына үндеу жасағым келеді. Өскелең ұрпақтың қауіпсіздігі біздің қолымызда екенін ұмытпайық! Жалпы көрсеткіштердің төмендеуіне қарамастан, биыл да жол апаты салдарынан болған жасөспірімдер өлімінің көрсеткіші бұрынғыдай жоғары деңгейде қалып отыр. Тоғыз ай ішінде жол апатынан 210 бала көз жұмған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға көп», — дейді ҚР ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.



Балалар — жол жүрісіне қатысушылардың ең осал санаттарының бірі. Сондықтан балалар мен жасөспірімдердің жол жүрісі қағидаларын бұзбауын түсіндіру, ереже бұзу жәйттеріне куә болған жағдайда оның алдын алу — әрбір ересек адамның міндеті.



«Полицияның жыл сайын халықпен жүргізіп жатқан түсіндіру жұмыстарына қарамастан, біз балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ескі мәселелермен әлі де кезігудеміз. Бұл — жол-көлік оқиғалары. Жол апатынан зардап шеккен балалардың жартысынан көбі жолаушылар, ал қалған бөлігі — жаяу жүргіншілер екенін атап өткен жөн», — деді Боранова.



Спикердің айтуынша, көп жағдайда зардап шеккен балаларды ересектер автокөлікте тасымалдау ережелерін бұзып, балаларды автокреслосыз, бустерсіз, адаптерсіз немесе мүлдем бекітілмеген күйде тасымалдайды.



«Балалар ересектердің мінез-құлқын қайталайды, сол себепті рұқсат етілген және қауіпсіз жерден емес, өзі қалаған жерде жолды кесіп өту деректері кездесіп жатады. Ересектер балаларға электросамокаттарды, мопедтерді, электрлі велосипедтерді өздері сатып алып береді де, бірақ оларды қалай қауіпсіз пайдалану керектігін түсіндірмейді. Қарапайым жол ережелерін түсіндіру және ересектердің оларды сақтаудағы ұстанымы сіздің балаңыздың немесе жақын туысыңыздың өмірін сақтап қалуы мүмкін. Егер сіздің көзіңізше балалар жол ережесін бұзса, бірер минут уақытыңызды бөліп, балаға оның ереже бұзғанын түсіндіре кетіңіз. Бір, екі немесе үш минут уақытыңыз жұмысыңызға қатты әсер етпейді, ал бала үшін ересек адамның ескертуі өмір бойы есте қалады. Міне, осы дүниелер тәлім-тәрбие элементтері болып табылады және қоғамның «нөлдік төзімділік» принципін көрсетеді. Ал өз кезегінде Министрлік жолдағы балалар өлімін азайту, құқықтық ағарту, балалардың жол-көлік оқиғаларында жарақаттануының алдын алу жөніндегі шараларды жалғастыратын болады. Құрметті жол жүрісіне қатысушылар, барлықтарыңызды қарапайым жол ережелерін сақтауға шақырамыз. Асықпаңыз, аптықпаңыз! Балалардың қауіпсіздікте болуын қадағалаңыз, үнемделген секундтар мен минуттар тәуекелге тұрарлық нәрсе емес! Өйткені сіздің өміріңіз бен балаларыңыздың өмірінен маңызды ештеңе жоқ!» — деді полиция подполковнигі.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04