AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Жібек Құлымбетова джиу-джитсудан 6 дүркін әлем чем...

Жібек Құлымбетова джиу-джитсудан 6 дүркін әлем чемпионы атанды

Спорт 19.11.2022, 10:33 1,877 Almaty-akshamy
Жібек Құлымбетова джиу-джитсудан 6 дүркін әлем чемпионы атанды
Сурет: Inform.kz

Қызылкүрең белбеу иегері 48 келіге дейінгі салмақта белдесті


Әбу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатында 15 жастағы қазақстандық Жібек Құлымбетова тағы бір «алтын» жеңіп алып, джиу-джитсудан алты дүркін әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қызылкүрең белбеу иегері 48 келіге дейінгі салмақта белдесті. Ол 16-17 жас аралығындағы спортшылармен сынға түсті. Abu Dhabi World Jiu-Jitsu Championship деп аталатын чемпионат белбеу жүйесі бойынша өтті. Финалда Жібек БАӘ-нің жергілікті спортшысымен күш сынасып, ұпай санымен жеңіске жетті.


Чемпионның айтуынша, ол араб қаласында 20 күн болған. Осы уақытта дейін жергілікті клубтардың бірінде жаттыққан Жібек осы команданың спортшыларына ризашылығын білдірді. Сонымен қатар ол жаттықтырушы Нұрсұлтан Орынбасаровтың ерекше еңбегін атап өтті.



«Нұрсұлтан аға мені джиу-джитсуға ғашық етіп, әлем чемпионы етті. Оған өте ризамын. Сондай-ақ мені қолдаған барша жұртқа алғыс айтамын», - деді чемпион қыз.



Бірер күн бұрын Әбу-Дабиде Ju-Jitsu World Championship Abu Dhabi 2022 чемпионаты өтіп, онда Жібек Құлымбетова бес дүркін әлем чемпионы атанды. Жарыс «не-ваза» тәртібі бойынша өтті.


Жібек Құлымбетова – Алматы облысынан Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Сағадат батыр – QTT» спорт клубының тәрбиеленушісі. Сондай-ақ грэпплингтен әлем чемпионы, самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері, көптеген халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпазы, жүлдегері. Қазан айының басында ол Әбу-Дабиде өткен ең ірі AJP Tour Asia Continental PRO - GI турнирінде жеңіске жетті.


Чемпионатта С.Нұрмағамбетов атындағы клубтың басқа спортшылары да өнер көрсетіп, 25 алтын, 15 күміс және 5 қола медаль жеңіп алған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жібек Құлымбетова #джиу-джитсу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);