AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жібек Жолы даңғылы «қасбеттен қасбетке дейін» қағи...

Жібек Жолы даңғылы «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша жаңартылады

Әлеумет 06.02.2025, 10:36 1,025
Жібек Жолы даңғылы «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша жаңартылады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматының Алмалы ауданында биыл Жібек Жолы даңғылының жаяу жүргіншілер аймағы (Назарбаев даңғылынан Сейфуллин даңғылына дейін) «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша жөндеуден өтеді. Сондай-ақ, Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры жанындағы сквер қайта жаңартылады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алмалы ауданы – соңғы үш жылда ауқымды көркейту жұмыстары жүргізілген қаланың тарихи орталығы. 

Маңызды жобалардың бірі – қала тұрғындарының сүйікті демалыс орны саналатын М.Мәметова мен Ә.Молдағұлова атындағы скверді қайта жаңарту. 2024 жылдың желтоқсанында негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Көгалдандыру мен гүлзарларды отырғызу 2025 жылдың көктеміне жоспарланған.

Қаланы көркейтуге бағытталған тағы бір ірі жоба – Сайран көлін көріктендіру. Былтыр желтоқсанында автосуару және сумен жабдықтау жүйесін жүргізу, электрмен жабдықтау және жарықтандыру кабельдерін тарту, сондай-ақ ағаштарды санитарлық мақсатта кесу жұмыстары аяқталды. 

Биыл сәуір-мамыр айларында, күн жылынған соң кеспе тас төсеу, шағын сәулет нысандарын орнату және 200-ден астам ірі жөке ағашы мен басқа да жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр. 

Айта кету керек, Алмалы ауданындағы ең көп баратын жаяу жүргіншілер көшесі – Панфилов көшесі (күніне 10-15 мың адам) 2017 жылдан бері жөндеу көрмеген. 2024 жылдың қарашасында Қабанбай батыр көшесінен Жібек Жолы даңғылына дейінгі бөлікті көркейту жобасы аяқталды. Жоба аясында жол бойы мен шағын сәулеттік нысандар жаңартылып, жасыл аймақ 20%-ға ұлғайтылып, көпжылдық бұталар отырғызылды. 

Бұған қоса, осы айда Жібек Жолы даңғылының жаяу жүргіншілер аймағын (Назарбаев даңғылынан Сейфуллин даңғылына дейін) «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша күрделі жөндеуге және Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры жанындағы скверді қайта құруға ЖСҚ әзірлеу басталады. 

Бұл жұмыстар 2025 жылдың қараша айында аяқталады деп жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алмалы #Сквер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түйе үстінде 10 секундта 4 нысана: Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 21:51

Наурыз жаңа форматта: мереке алғаш рет Алматы ипподромында өтті

Бүгін 20:02

Цифрлық Наурыз: Алматыда жасанды интеллект мерекелік бағдарламаға қалай енгізілді?

Бүгін 19:34

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 18:23

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика