Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Жетісу облысында газдандыру жұмыстары қарқынды жүр...

Жетісу облысында газдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Экономика 13.05.2025, 11:44 822
Жетісу облысында газдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
gov.kz

2030 жылға дейінгі «Жетісу облысын кешенді газдандыру» өңірлік схемасы аясында аймақтағы 358 елді мекеннің 192-сіне табиғи отын жеткізу көзделіп отыр. Қазіргі таңда 84 ауылға инфрақұрылым тартылып, бұл жалпы жоспардың 58,2%-ын құрап отыр. Нәтижесінде 400 мыңнан астам адам (101,8 мың абонент) өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Президент тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы тағы 42 елді мекенге көгілдір отын беріледі деп жоспарланған. Осы мақсатта республикалық және жергілікті бюджеттерден жалпы сомасы 7,9 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 21 жоба – 2024 жылдан өтпелі. Қоғалы ауылынан басқа барлық нысандарда жұмыстар аяқталды. Бұл елді мекенде газ құбырының 80 шақырымынан 35 шақырымы тартылды.

24 жаңа жоба бойынша 3,5 млрд теңге игерілді, алдағы уақытта тағы 18 жобаның құрылысы басталмақ. Бұл жұмыстардың жалпы құны – 15,9 млрд теңге. Аталған жобаларды аяқтау үшін Энергетика министрлігі қосымша 25,6 млрд теңгеге бюджет өтінімін жолдады.

Атқарылып жатқан шаралардың нәтижесінде Жетісу облысында көгілдір отынға қосылатын елді мекендердің саны 126-ға жетіп, қамту деңгейі 71,4%-ды құрайтын болады. Бұл – 500 мыңнан астам тұрғынның тұрмыстық жағдайын жақсарту деген сөз.

Сонымен қатар, қазіргі схемаға енбеген тағы 22 ауыл бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Анықтама үшін:
2022–2024 жылдар аралығында республика көлемінде 371,1 млрд теңге бөлініп, 14 мың шақырымнан астам газ құбыры тартылды. Елдегі газдандыру деңгейі 62,4%-ға жетіп, табиғи отынмен қамтылған халық саны 11 млн-нан 12,6 млн адамға артты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жетісу #Газдандыру #Президент тапсырмасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пшихаврдың қанды таңы: Мұраттың жүрегінде қалған жара

Бүгін 20:44

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Бүгін 18:21

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елшісімен кездесті

Бүгін 17:54

Алматыда №11 Қалалық емхананың 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шықты

Бүгін 17:44

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бүгін 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика