Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жетісу кәсіпкері форель шаруашылығын дамытуды қолғ...

Жетісу кәсіпкері форель шаруашылығын дамытуды қолға алды

Әлеумет 08.09.2021, 08:21 867
Жетісу кәсіпкері форель шаруашылығын дамытуды қолға алды
Сурет: Gov.kz

Ол жыл сайын алты мың тоннадан аса тауарлы балық түрін алады.


Алматы облысында балық шаруашылығы да дамып келеді. Бұл өңірде балық өсіруге маманданған 24 балық шаруашылық субъектісі бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Ресми мәлімет бойынша, балық шаруашылығымен шұғылданатын кәсіпорындар өткен жылы 943 тонна балық өсірсе, осы жылдың 8 айында мемлекеттік қолдаудың арқасында балық шаруашылығы саласында субсидиялар түрінде олар 3 мың тоннадан астам дайын өнім алды. 



«Мамандығы бойынша инженер-механик Ерсайын Көбенқұлов ұзақ уақыт Алматы қаласында жұмыс істеген. Араға уақыт сала, туған өлкеге оралып, мал шаруашылығымен айналысуға шешім қабылдаған», – делінген Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында. 



Өз кәсібін дөңгеленту үшін жас кәсіпкер алдымен «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асатын «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіптің қыр-сырын меңгерген. Оқуын аяқтаған соң болашақ кәсіпкер жобасын қорғап, туған мекені Кеген ауданына қарасты Талды ауылында жобаны жүзеге асыра бастаған. 


Ерсайын бірнеше мың форель шабағын бұлақ жанынан салынған бассейнге жібереді. Бұл оның қазіргі табысты кәсібінің бастауы болды. 



«Су температурасы, ауылдың климаты форельді өсіруге мүмкіндік берді. «Еңбек» мемлекеттік бағдарлама аясында алынған 4 млн теңге жеңілдетілген несие жақсы бастама болды. Бұл сомаға балық өсіруге арналған арнайы бассейндер тұрғызылып, арнайы құрал-жабдық пен жем сатып алынды. Балықты сатылымға шығару үшін 6 айдан аса уақыт кетеді. Жылына 2 рет, сәуір-мамыр айларында, ары қарай дамытуға болатын форель түрін аламыз», - дейді кәсіпкер.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы облысы #Кеген #балық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жаңбыр, найзағай: бүгін еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды

Кеше 20:28

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Кеше 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Кеше 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Кеше 17:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика