AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Жетісу ауданында «Заң және тәртіп» акциясы аясында...

Жетісу ауданында «Заң және тәртіп» акциясы аясында профилактикалық рейд өтті

Барлығы 21.04.2025, 15:09 846
Жетісу ауданында «Заң және тәртіп» акциясы аясында профилактикалық рейд өтті
Жетісу қаласы әкімдігі

 

2025 жылғы 21 сәуір күні Жетісу ауданының әкімдігі, Жетісу ауданының полиция департаменті және Жетісу ауданының комьюнити орталығы бірлесіп, «Заң және тәртіп» акциясы аясында кешкі рейдтік шара өткізді.

Аталған рейдтің басты мақсаты — сағат 22:00-ден кейін көшеде жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу.

Шара барысында түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген жасөспірімдерге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалары түсіндіріліп, профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Құқықтық сауаттылықты арттыру және құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша маңызды ақпараттар берілді.

Осындай рейдтік шаралар балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған және болашақта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

Жастардың қауіпсіздігі — басты назарда!

Жетісу ауданының Комьюнити орталығы — бұл тұрғындардың өзара байланысын нығайтуға, әлеуметтік бастамаларды қолдауға және жергілікті қоғамдастықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған заманауи алаң.

Орталықта түрлі жас санатындағы тұрғындар үшін әлеуметтік, мәдени және білім беру іс-шаралары өткізіледі. Жастарға арналған тренингтер мен курстар, ардагерлермен кездесу, психологиялық және құқықтық көмек көрсету – орталықтың басты бағыттарының бір бөлігі ғана.

Комьюнити орталығы — тұрғындардың бір-бірімен тәжірибе алмасатын, қолдау табатын және жаңа мүмкіндіктер ашатын орны.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Рейд #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Rhenus Group басқарма төрағасын қабылдады

Бүгін 15:36

Тоқаев Германияның экономикалық қауымдастықтары мен қаржы институттары жетекшілерімен кездесті

Бүгін 15:34

Мемлекет басшысы Rhenus Group басқарма төрағасын қабылдады

Бүгін 15:31

Президент Германияның экономикалық қауымдастықтары мен қаржы институттары жетекшілерімен кездесті

Бүгін 14:45

Дархан Сатыбалды Алматының жылумен қамту нысандарының жылу маусымына дайындығын тексерді

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);