Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жетісу ауданы әлеуметтік қолдауды күшейтті

Жетісу ауданы әлеуметтік қолдауды күшейтті

Әлеумет 11.07.2025, 13:22 729
Жетісу ауданы әлеуметтік қолдауды күшейтті
Алматы қаласы әкімдігі

Жетісу ауданында азаматтарға тиімді де тұрақты әлеуметтік қолдау көрсету бойынша жүйелі жұмыс істеліп жатыр. Бұл бағыттағы негізгі шаруа – отбасылық институтты нығайту, өмір сапасын арттырып, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау болып қалып отыр.

Жұмыстың басты кеңсесі – Жансүгіров көшесі, 65 мекенжайында орналасқан «Бақытты отбасы» Отбасын қолдау орталығы. Аудан әкімі Ләззат Жылқыбаева Өңірлік коммуникациялар қызметімен бірлесіп ұйымдастырылған пресс-тур барысында орталықтың жұмысы туралы айтты.  

2025 жылдың қаңтарында орталықта күрделі жөндеу жұмысы аяқталып,   жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, тұрғындарға  қажетті қызметті көрсету үшін барлық жағдай жасалыпты.

«Орталық жүздеген отбасы үшін сенімді тірекке айналды. Мұнда өмірдегі маңызды мәселелер бойынша кешенді көмек көрсету – кеңестен бастап қиын жағдайда сүйемелдеу жағы да ескерілген. Қазір орталықта 475 адам тіркелген, оларға 4370-тен астам әлеуметтік, психологиялық, құқықтық қызмет көрсетілді», – дейді Ләззат Жылқыбаева.

«Бақытты отбасы» орталығының негізгі бағыты:
•    отбасылық қатынастар мен бала тәрбиесі бойынша кеңес беру;
•    дағдарыста психологиялық қолдау көрсету;
•    жұмыспен қамтып, әлеуметтік бейімделуге жәрдемдесу;
•    құқықтық көмек пен ағарту жұмысы;
•    көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету.
Орталықта тренингтер, отбасылық клубтар, дәрістер мен жеке кеңестер ұйымдастырылып, әр адамның өзін сенімді, қауіпсіз сезінуіне көмектеседі. «Бақытты отбасы» – бұл жай ғана мекеме емес, бұл – сенім мен қолдау.

Зейнеткерлерге кең ауқымды қызмет көрсететін Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының жұмысына да ерекше назар аударылған.

«Бізде жұмыс қызып жатыр. Күніне жоспар бойынша 100 адамды қабылдаймыз, бірақ кейде одан да көп адам келеді. Орталықтың бағыттары әртүрлі, әсіресе скандинавиялық жүріс, психологиялық қолдау мен эмоциялық интеллекті дамытуға арналған сабақтар танымал. Қарттарға жайлы жағдайдың болғаны аса маңызды. Адамдар сабаққа қуана қатысып, күн сайын алғыс айтады, бұл бізге шабыт береді. Осындай жобалар қаланың әр ауданында іске асырылуы қажет деп ойлаймын», – деп атап өтті Айнабұлақ шағын ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жетекшісі Ботагөз Құдышева.

Жетісу ауданында табысты жұмыс істеп жатқан басқа да орталықтар:
•    «Ten Qogam» орталығы – мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мамандардың көмегін, курстар мен кәсіби бағдар беру қызметін ұсынады. Бүгінге дейін 130 адамға 304 түрлі қызмет көрсеткен.
•    «Шыңға өрлеу» клубы – 137 балаға тіл, математика, IT салалары бойынша білім беріп, шығармашылық үйірмелер ұсынады.
•    Айнабұлақ пен Кемелдегі белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары – 
•    318 зейнеткерге 4800-ден астам қызмет көрсетіп, йога, айкуне, қолөнер, хореография, компьютерлік сауаттылық, тіл үйрету секілді бағыттарды қамтыған.

Жетісу ауданының әкімдігі отбасыларға, балаларға, қарттар мен ерекше қажеттілігі бар азаматтарға қолжетімді қызметтерді дамытып, әлеуметтік қорғау жүйесін нығайту жұмыстарын одан ары жалғастыра түспек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жетісу #Ten Qogam
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтарға ескерту жасалды

Бүгін 10:07

Дауыл, тұман: бірнеше өңірде ескерту жасалды

Бүгін 09:26

Ауа райына байланысты бірқатар облыста жол жабылды

Кеше 16:26

Алматының нәзік жандылары қала тұрғындарын референдумға шақырды

Кеше 14:38

116 жастағы Түймегүл әже көп жасаудың сырын айтты

Кеше 11:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі