AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Жетістікке жеткізетін 7 әдет

Жетістікке жеткізетін 7 әдет

Керек кеңес 04.02.2026, 11:08 243
Жетістікке жеткізетін 7 әдет
интернеттен
Жетістік – кездейсоқ келетін нәрсе емес. Ол күн сайын қайталанатын әрекеттерден, қалыптасқан әдеттерден тұрады. Табысты адамдарды өзгелерден ерекшелендіретін де – дәл осы ұсақ көрінетін, бірақ тұрақты орындалатын әдеттер. Бірақ көп адам жеңіл жол іздейді, тезірек нәтижег жеткісі келеді. Мысалы, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтанғаннан гөрі «сиқырлы таблетка» ішіп арықтауды қалайды. Немесе ұзақ емделгенше, бірден жазылып кетуді армандайды. Алайда өмірде бәрі бұлай оңай бола қалмайды. Мұны табысты әрі бай адамдар жақсы түсінеді. Олар «сиқырлы таяқтың» жоқ екенін, жетістікке апаратын қарапайым әрі тұрақты әдеттер екенін біледі. 
 
Жайлы орыннан жылжу
 
«Өзіңізде жоқ нәрсеге қол жеткізгіңіз келсе, бұрын істемеген нәрсені істеуді бастаңыз» деген сөзді Ричард Бахқа телиді. Айту оңай, істеу қиын. Себебі кез келген құштарлық адамды жылы орнынан жылжуға мәжбүр етеді. Ең қауіптісі – жайлы орын деген кейде кедейлік те болуы мүмкін. Зерттеулерге сүйенсек, адамдардың 80%-ы табысына көңілі толмаса да, оны арттыруға әрекет жасамайды. Олар өмір салтын табысына бейімдейді: аз саяхаттайды, арзан киім киеді, сапасыз тамақтанады. Егер тек үйреншікті, ыңғайлы нәрселерді ғана істей берсеңіз, сол деңгейде қалып қоясыз. Сондықтан өзіңізді жайлылық орыннан жылжуға үйрету өте маңызды.
 
Бұл үшін не істеу керек?
 
Жайлы орында отырғаныңды мойындау
Ол орыннан жылжудың  нәтиже әкелетінін түсіну
Ерік-жігерді шыңдау
Жаңа, дамуға итермелейтін мақсат қою
 
Таңертең ерте тұру
 
Табысты адамдардың көпшілігі таңғы 5–6 аралығында оянады. Бұл оларға асықпай жиналып, күнді жоспарлауға, спортпен айналысуға мүмкіндік береді. Олар жұмысқа сергек келеді.
 
Мысалы:
• Disney компаниясының басшысы Роберт Айгер – 4:30-да тұрады
• Apple CEO Тим Кук – таңғы 5-те спортзалға барады
• Көптеген АҚШ президенттері де ерте тұрған
 
Ал көп адам жұмысқа әрең үлгеріп, ұйықтап қалып жүреді, бұл жұмыс күннің өнімділігіне кесірін тигізеді.
 
 
Ерте ұйықтау
 
Табысты адамдар түн ортасына дейін теледидар қарап отырмайды. Зерттеулерге сәйкес, бай адамдардың 67%-ы теледидарды мүлде көрмейді. Бұл олардың ерте жатып, ерте тұруына мүмкіндік береді. Егер сериал көріп немесе телефонға үңіліп түн жарымға дейін отырсаңыз, ерте тұру мүмкін емес.
 
 
Спортпен айналысу
 
«Уақыт жоқ» – ең жиі айтылатын сылтау. Бірақ жұмыс кестесі тығыз адамдардың өзі спортқа уақыт табады.
 
Мысалы:
• Мадонна – жеке йога нұсқаушымен жүреді
• Көптеген әншілер гастроль кезінде де жаттығу жасайды
 
Кітап оқу және білім алу
 
Зерттеулерге сәйкес, табысты адамдардың 88%-ы күн сайын кемінде 30 минут кітап оқиды. Олар семинарларға, курстарға, конференцияларға ақшасын аямайды. Себебі олар ең тиімді инвестиция – өзіңе салынған инвестиция екенін жақсы біледі.
 
Уақытты жоспарлау
 
Табысты адамдар күнін, аптасын, тіпті жылын алдын ала жоспарлайды. Тайм-менеджментсіз қарқынды өмір салтын басқару мүмкін емес. Қағаз күнделікке жазасыз ба, мобильді қосымша қолданасыз ба, маңызды емес. Ең бастысы, уақытты бақылау. Жоспарлай бастағанда, уақыттың көбейгенін байқайсыз.
 
 
Мақсат қою 
 
Әр істің нақты мақсаты болуы керек. Үлкен мақсатты кіші, нақты тапсырмаларға бөліңіз.
 
Дұрыс қойылған мақсат мына критерийлерге сай келуі тиіс:
• өлшемі бар
• қолжетімді
• мерзімі белгілі
• нақты және өзгермейтін
• кезең-кезеңімен орындалатын
 
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#жетістік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының саябағында: тазылар, бүркіттер, аңыз-әфсана кейіпкерлері

Бүгін 14:22

Бакуда қазақы үлгідегі Наурыз мерекесі кең көлемде тойлануда

Бүгін 14:14

Сайран көлінің жағасында Наурыз тойы өтіп жатыр

Бүгін 13:46

Руханият пен технология тоғысты: KitapFest–2026 жаңа форматта өтті

Бүгін 13:42

«Ұлы даланың ғажайыптары»: этно-көрме заманауи форматта үйлесім тапты

Бүгін 13:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика