Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Жетісайдағы өрт: кәсіпкерлер шығыны өтеле ме?

Жетісайдағы өрт: кәсіпкерлер шығыны өтеле ме?

Оқиға 29.08.2022, 11:15 1,139
Жетісайдағы өрт:  кәсіпкерлер шығыны өтеле ме?
Сурет: Inform.kz

Жетісайда заманауи жаңа базар салынады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Өртенген базар орнында болып, Facebook желісі арқылы тікелей эфирге шыққан Сәкен Қалқаманов қазіргі таңда жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен таныстырды.



«Жетісайдағы базарда қарқынды жұмыс басталды. Жүк көліктері жеткілікті. Қажетті техника екі ауданнан жұмылдырылды. Бір-екі күнде өрт қалдықтарынан тазартылады. Параллельді түрді жаңа базардың эскиздік проектісі жасалып жатыр. Алдағы уақытта заманауи жаңа базар салынады. Онда зардап шеккен сатушылар жайғасады және олардан 1 жыл бойы орынды жалға алу ақысы алынбайды», - деді ол.



Сондай-ақ ол кәсіпкерлердің шығынын өтеп беру мақсатында «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры ашылғанын жеткізді.



«Үлкен шығындарды өтеп беру ісінің жалғыз жолы бар. Жекеменшік мүлік болған соң заң бойынша бюджеттен қаржы қарай алмаймыз. Сондықтан қорды жарияладық. Қазір сол қор арқылы қаржы жиналуда. Сондай-ақ базардың иелерінен үлкен соманы жабуды талап етіп отырмыз», - деді Сәкен Қалқаманов.



Қазіргі кезде оқиға орнында өрт қалдықтарынан тазарту жұмыстары тәулік бойы жүріп жатыр. Қызыл жалыннан зақым келген 900 шаршы метр жер жылдам реттелу үшін 6 секторға бөлінді. Әр секторда Жетісайға жақын орналасқан Мақтаарал, Сарыағаш, Келес, Шардара, Жетісай, Қазығұрт аудандарынан келетін құрылысшылар жұмыс істейді. Құрылыс жұмыстары 1 айда толық бітеді деп жоспарланып отыр.


Еске салайық, 26 тамызда Жетісайдағы «Күлпаршын» базарынан өрт шықты. Салдарынан 450-ге жуық кәсіпкердің заттары толығымен жанып кетті.


Кейін кәсіпкерлер орталық көшені жауып, базар әкімшілігінен нысанды тездетіп ашуды талап етті. Оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов барды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жетісай #өрт #жағдай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тұтынуды азайтып, бай өмір сүру мүмкін бе? Эко-әдеттерді өміріне енгізген блогер шынайы байлықтың мәнін ұқтырды

Бүгін 11:21

Ораза-2026: жиі қойылатын сұрақтар қандай?

Бүгін 11:18

Қазақстанда кімдер жоғары жалақы алады?

Бүгін 11:07

75-тің салтанаты: Жүрсін Ерманның мерейтойының ең әсерлі сәттері

Бүгін 10:51

Қырғызстаннан жалған шот-фактураларды жасаған күдікті Қазақстанға экстрадицияланды

Бүгін 10:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі