Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Жетім көрсең, жебей жүр!»

«Жетім көрсең, жебей жүр!»

Әлеумет 06.11.2024, 13:39 1,062
«Жетім көрсең, жебей жүр!»
Сурет: Almatydc.kz

Елімізде жетім балаларды қабылдайтын кәсіби отбасы институты енгізіледі.

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ата-ананың қарауынсыз, тұрмыстық қиын жағдайда қалған балаларды қабылдаушы отбасы институтын заңға енгізу мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Балалар осындай жағдайға тап келген кезде олар балаларды қолдау орталықтарына, яғни, интернаттарға орналастырылады. Қандай да бір отбасыда өмір сүрген бала үшін бұл стресс. Сондықтан заң жобасы арқылы арнайы дайындықтан өткен, аккредитациядан өткен отбасылар таңдалып, балалар соларға уақытша орналастырылады. Бұл отбасылар 24/7 режимінде жұмыс істейді, яғни кез келген уақытта осындай жағдай бола қалған жағдайда балаларды қабылдауға, оларға отбасылық қамқорлық көрсетуге дайын болуға тиіс», - дейді Еділ Оспан.

Оның сөзінше, қабылдаушы отбасыларға түскеннен кейін бірінші кезекте балаларды әрі қарай өзінің тұрақты отбасына орналастыру механизмдері жұмыс істейді. Яғни, балаларды қабылдап алатын ата-анасының жақын туыстары іздестіріледі.

Ал заңда жақын туыстар тізімі нақты көрсетілген. Олар: атасы, әжесі және ата-анасының туған бауырлары мен апа-қарындастары. Мұндағы негізгі саясат – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жақын туыстарына беру.

«Қабылдаушы отбасылар бойынша заң жобасын әзірлеу барысында пилот өткіздік. Осы заң жобасында бірқатар норма ұсынылып отыр. Бірінші, мұндай отбасыларды психологиялық диагностикадан өткізу. Одан кейін оларды оқыту, аккредитациядан өткізу. Мұндай шараны Ақмола облысында өткіздік. Қазір осы тәсілмен 4 отбасы жұмыс істеп жатыр. Олар бала қабылдауға дайын, тәжірибелі, балалармен жұмыс істеуге машықтанған отбасылар», - дейді ол.

Вице-министрдің сөзінше, заң жобасы қабылданған жағдайда бұл норма заңды күшіне енгенше 6 ай уақыт керек. Жергілікті әкімдіктер осы аралықта заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес, қабылдаушы отабсыларды дайындайды. Осылайша норма кезең-кезеңімен енгізіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жетім #отбасы #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шетелдік инвестор Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Кеше 18:01

Қаланың үздік студенттері WorldSkills Almaty 2026 чемпионатында бақ сынап жатыр

Кеше 17:56

Өскеменде 16 жастағы қызды жігіті пышақтап кеткен

Кеше 17:13

Алматы Наурызды рекордтармен, цифрлық киіз үйлермен және жаңа форматтағы қалалық кеңістіктермен атап өтті

Кеше 16:30

Абай университеті – әлемдік элитада: педагогтар даярлау бойынша әлемнің топ-50 қатарына енді

Кеше 16:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика