Жеті өңірде өнеркәсіп өндірісі төмендеді

Жеті өңірде өнеркәсіп өндірісі төмендеді Сурет: 24.kz

Елімізде 2023 жылғы қаңтар-ақпанда түрлі өндіріс салаларында 7134 млрд теңгенің өнімі өндірілді.




Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, кен өндіру саласында – 3411 млрд теңгеге (жалпы көлемнен 47,8%), өңдеу саласында – 3132 млрд теңгеге (43,9%) өнім өндірілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 



«Өндірістің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 0,5%, өңдеу өнеркәсібінде – 2,5%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 4,6%, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 3,2% байқалады. Табиғи газды (101,1%), темірді қоспағанда, кендерді (107,6%), өзге де пайдалы қазбаларды (112,9%) өндіру салаларының артуына байланысты 2023 жылғы қаңтар-ақпанда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өнеркәсіп өндірісінің индексі 100,5% құрады», – делінген хабарламада.



Өңдеу өнеркәсібінде есепті кезеңде 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өндіріс индексі 102,5%-ды құрады. Өсімдік тамақ өнімдері – 9,6%, сусындар – 22,6%,  өңделген мұнай өнімдері – 6,5%, резеңке және пластмасс бұйымдары – 9,4%, негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру – 16,7%, машина жасауда 31,5% болып белгіленді.


Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 13 өңірінде тіркелді, ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында және Астана қаласында, керісінше, төмендеген.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:25

15:45

15:07

14:30

12:58

12:25

11:45

11:10

10:46

10:12

09:48

09:07

20:36

16:45

16:07

16:04

16:01

15:52

15:49

15:47

15:42

15:18

14:45

14:08

12:47