Жер шарының ең суық нүктесінде қазақтың көк туы желбіреді

Жер шарының ең суық нүктесінде қазақтың көк туы желбіреді видеодан алынды

Бұл жолы біздің басты мемлекеттік нышанымызды Жер шарының ең суық нүктесіне өзбекстандық блогер Абдурахмон Фазилов алып шықты. Ол Антарктидаға тоғыз күндік сапар жасап, "Порт ле Кларк" айлағына барып, Орталық Азия елдерінің достығы мен бірлігін нығайту мақсатында бес туын қатар қондырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Фазиловтың бұл ерекше сапары бір жыл бойы жоспарланды. Мұз жаратын алып кемелермен Антарктидаға аттанған блогер, жолдың ұзақ әрі қауіпті боларын алдын ала түсініп, ерте қамданған. Ол Өзбекстан астанасынан Түркияға ұшып, одан кейін Бразилияны басып өтіп, Аргентинаға жеткен. Бұл сапардың басты мақсаты – Орталық Азия елдерінің байрағын Антарктидаға орнату еді. Әлеуметтік желіде 1,6 миллион оқырманы бар блогер өзінің әсерімен әлі де бөлісіп жүр.

Сапар барысында Абдурахмон қатты дауыл мен қолайсыз ауа райының куәсі болды. Туристер командасы "Порт ле Кларк" айлағына жеткенде дауылдан кейін ғана ту тігу миссиясын орындады.

Ол өз сөзінде: "Осы сапарға шығар алдында барлық 5 елдің де туын алып бару идеясы ойға келді. Бұл бір бауырлас ұлттар ретінде біздің бірлігімізді көрсететін ерекше көрініс болды", – деді.

Ту орнату миссиясы кейде ауа райының қолайсыздығына байланысты кешіккенімен, Абдурахмон Фазиловтың сапары Орталық Азия елдерінің бірлігін, достығын және ортақ тарихын ерекше көрсетеді. Әлеуметтік желі қолданушылары оның бұл әрекетін жоғары бағалап, Қазақстаннан да қоңырау шалып, алғыстарын білдіруде.

Абдурахмонның бұл ісі Орталық Азия елдері арасындағы бекем бірліктің тағы бір мысалы болып табылады.

Қазақ ақыны Алтынбек Исмаилов: "Бұл іс Орталық Азия елдерінің арасындағы бірлікті нығайтуға, халықтар арасындағы өзара құрметті арттыруға үлкен үлес қосып отыр. Біз осы арқылы болашақта да бір-бірімізді қолдап, достықты әрі қарай жалғастыруымыз қажет", – деп пікір білдірді.

Осылайша, Абдурахмон Фазилов өзінің туын Антарктидада тігу арқылы тек саяхат емес, үлкен мәні бар символикалық қадам жасады, ол елдеріміз арасындағы достықты нығайтуға ерекше үлес қосып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
2
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:05

18:45

17:08

16:48

16:27

16:27

16:24

16:20

15:57

15:34

15:13

15:01

15:00

14:43

14:33

13:56

13:28

13:24

13:08

13:03

12:52

12:41

12:26

12:16

12:00