AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / «Жеңістің жұлдызды сағаты»

«Жеңістің жұлдызды сағаты»

Не? Қайда? Қашан? 25.04.2024, 10:44 1,375 Нұржамал ӘЛІШЕВА
«Жеңістің жұлдызды сағаты»
almaty-akshamy.kz

2 мамырда Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі қорынан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына және Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның Халық батыры, Қазақстан Республикасы армиясының генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Жеңістің жұлдызды сағаты» атты көрме ашылады.


Экспозицияда кеңес заманы мен қазақстандық суретшілердің, ҰОС қатысушыларының 50-ден аса туындысы, соғыс батырлары мен тыл еңбеккерлеріне арналған картиналар қойылады. Көрменің ашылуында көрермендер әскери-тарихи музейдің директоры А.Байқадамованың қолдауымен ұсынылған генерал Сағадат Нұрмағамбетовтің жеке заттарын тамашалай алады.
«Жеңістің жұлдызды сағаты» көрмесінің  мазмұны сан қырлы. Көрменің интерактивті ақпараттық сүйемелденуі ұлы жеңіс үшін майданда шайқасқан қазақстандықтар мен Ұлы Отан соғысына қатысушы қазақстандық суретшілерге арналған. 



«Отанды қорғауда бір екпінмен әр түрлі ұлт өкілдері қатар соғысқан. Бізге белорус, грузин, қазақ, литва, орыс, өзбек суретшілерінің туындыларында көрініс тапқан барлық халықтың бірігуін ерекше атап өту маңызды. Жоғары кәсіби деңгейде орындалған олардың шығармалары өмірге, қарапайымдылыққа және шынайылыққа, трагедияға, поэтикалық мазмұнға және ерлікке толы. Олар борыш, елге төнген қауіп, сонымен қатар  Жеңіс туралы әңгімелейді», – дейді көрме жетекшісі С.Көбжанова.




Кескіндеме, графика және мүсін өнерінен түрлі ұрпақ шеберлері, әр ұлттың дарынды суретшілері бейнелеген туындыларды терең түсінумен қатар, көрме замандастарымызды әлемдегі бірлік, бейбітшілік пен өмірді қорғауға шақырады.
Көрме 30 мамырға дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әбілхан Қастеев #Сағадат Нұрмағамбетов #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);