AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жеңілдікпен баспана алған шенеуніктер анықталды

Жеңілдікпен баспана алған шенеуніктер анықталды

Әлеумет 25.04.2022, 07:55 1,294
Жеңілдікпен баспана алған шенеуніктер анықталды
qazaqparat.kz

Шымкент қаласында кейбір шенеуніктер «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы бойынша баспана алған. Бұл туралы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Алмас Ыдырысов мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталған кезде, жүйедегі ақаудан қазақстандықтар өтінімді уақытылы бере алмады. Ал осы сәтте кейбір шымкенттік шенеуніктердің өтінімі кедергісіз қабылданды. Бұл қалай болғаны?» - деген сауал қойды тілші.


Аталған сауалға Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Алмас Ыдырысов жауап берді.



«Бүгінде аталған фактіге қатысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Шымкент қаласының әкімдігіне сауал жолдады. Жағдайды түсіндіруін талап етеміз. Осы тұста айтарымыз, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы оның бекітілген ережесіне сай іске асуы тиіс. Шымкент қаласы әкімдігінің белгілі бір мемлекеттік қызметкерлер арасында тұрғын үй байқауын өткізіп, «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы аясында баспана бергені бағдарлама ережесін бұзып отыр деген сөз», - деді ол.



Оның айтуынша, қазіргі уақытта аталған аймақ әкімдігіне шешімді қайта қарау ұсынылды.



«Сонымен қатар, тұрғын үй бағдарламасы ережесін бұзғаны үшін, кінәлілерді жауапқа тарту керектігі айтылды. Аталған мәселе біздің бақылауымызда. Тексеру нәтижесінде министрлік тарапынан қабылданған шешім туралы қосымша хабарланатын болады», - деді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#шымкент #шенеунік #баспана #жеңілдік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Бүгін 19:45

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

Бүгін 19:15

Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 18:03

Алматыда жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтіліп жатыр

Бүгін 16:54

Алматыда инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);