Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Желтоқсанның мұзға жанған алауы...»

«Желтоқсанның мұзға жанған алауы...»

Әлеумет 11.12.2023, 13:59 1,192
«Желтоқсанның мұзға жанған алауы...»
almaty-akshamy.kz

Желтоқсан оқиғасы – Тәуелсіздіктің алтын тұғыры. Ата-бабалар аңсаған азаттықтың шырағы жағылған сәт. Осынау тарихи оқиғаның куәгерлері – Алмалы ауданы «Желтоқсан ақиқаты» патриоттық қозғалысының төрайымы Гүлмира Шанигбаева мен орынбасары Ғани Қалмақбаев ҚазҰҚПУ құрамындағы Кәсіби білім беру колледжі студенттерімен кездесті. 


Олар «Желтоқсанның мұзға жанған алауы...» тақырыбында өткен тәрбие сағатында жастарға тағлымды әңгімелер айтты. Иә, сонау 1986 жылғы  Желтоқсан оқиғасы ел жадында әлі күнге жаңғырып тұр. Кеңестік жүйеге қарсы тұрған  Желтоқсан көтерілісіндегі қазақ жастарының отансүйгіштік сезімін кейінгі ұрпаққа насихаттай отырып, сол кездегі құрбандарды мәңгі есте сақтау, тәуелсіздік бастауы ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіру, сол арқылы жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген  патриоттық сезімнің дәнін себу.   


Аталған іс-шарада алдымен еліміздің Гимні орындалды. Желтоқсаншы Ғани Мүтәліпұлы – сол кездегі алпауыт елдің айбарынан сескенбей, өз елінің намысын қорғап, бойында ұлттық рухы аспандаған қазақтың өрімдей қыз-жігіттерімен бірге орталық алаңға шыққан азамат. «Қанша жыл өтсе де Желтоқсан жүректе жазылмаған жара, тарихта қасіретті күн болып қалғаны рас.  Бірақ осы оқиғаның қалай болғаны туралы өскелең  ұрпақ білуі керек. Өйткені осы оқиғаға біреудің әкесі, анасы, біреудің баласы қатысты. Қазақ жастары сол сәтте көшеге шығып, үн қатты. Ел тәуелсіздігін талап етті. Елмен санаспай істелген іске, шығарған шешімге халық наразы екендіктерін көрсетті. Бұл тарихтағы тағы бір сабақ болды. Сондықтан бұл қазақ халқының ойы, мұңы болып басталды да арты үлкен өзгеріске әкелген болатын», – деді ол.


Сонымен қатар, Гүлмира Белғожақызы өз ойын жеткізді. «Біріміз бұл күнді Тәуелсіздік мерекесі десек, екіншіміз тәуелсіздікке қол жеткізуге қадам жасаған қаралы күндердің бірі деймін...


Шынын айту керек, желтоқсан бір жағынан қаралы күн. Қаншама жалынды жастың өмірі қиылды. Мереке деп те айта алмаймын, бірақ Тәуелсіздік бастауы дегенді қолдаймын. Бірақ бұл күні осындай тәрбиелік маңызы бар кездесулер, тарихи сәтке негізделген кинолар қойып, патриоттық әндер орындалғаны дұрыс.  Әр заманның жастары сол уақыттың талабына сай тәрбиеленеді. Десек те, жастардан үлкен үміт күтеміз. Бүгінгі жастар қазақтың басты байлығы тәуелсіздік екенін  шынайы сезінсе, бабалар мұратының орындалғаны болар еді», – деді ол.


Бұл іс-шарада патриоттық әндер айтылып, өлеңдер оқылды. Қазақ елінің өткені мен бүгінін бейнелейтін бейнероликтер көрсетіліп, ұстаздар қауымы мен колледж директоры А.Қарабаева Желтоқсан оқиғасының маңызы туралы айтып,  өз пікірлерін білдірді,  жастарды елім деген ел азаматтарын құрметтеуге шақырды. Іс-шара соңында Ә.Тінәлиевтің «Желтоқсан желі» әнін  қыздар хормен  орындады.


Топ жетекшісі Нұргүл Абдраманқызы желтоқсандық  жастар ұмытылмай, ерліктері есте мәңгілік сақталатындығын айтып, меймандарға алғыс білдірді.                     

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #желтоқсан #Тәуелсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика