AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Желтоқсан қаһармандарына тағзым: қалада еске алу і...

Желтоқсан қаһармандарына тағзым: қалада еске алу іс-шараларына дайындық жүріп жатыр

Барлығы 11.12.2025, 09:10 597 yakiya
Желтоқсан қаһармандарына тағзым: қалада еске алу іс-шараларына дайындық жүріп жатыр
Алматы әкімдігі

Алматыда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мен Желтоқсан оқиғасының 39 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары бекітілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бағдарламаның негізгі мақсаты – жастар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, ұлттық тарих пен елдің ерлікке толы маңызды кезеңдеріне деген құрметті қалыптастыру.

16-17 желтоқсан қарсаңында мемлекеттік мекемелерде, қала кітапханалары мен білім беру ұйымдарында тақырыптық кездесулер, патриоттық және әдеби-музыкалық кештер, дөңгелек үстелдер, тарихи-танымдық сағаттар, дәрістер, әдеби оқулар және басқа да маңызды даталарға арналған іс-шаралар өтеді.

Осы күндері Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументіне және «Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне дәстүрлі гүл қою рәсімі ұйымдастырылады. Оған қала басшылығы, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, 1986 жылғы оқиғаға қатысушылар, этномәдени бірлестіктер өкілдері және жастар қатысады.

17 желтоқсанда қаланың барлық сегіз ауданында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында қаза болғандарды еске алуға арналған ас беріледі.

Бұдан бөлек, қала әкімдігі желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігін дәріптеуге және жастар арасында отансүйгіштік сезімін нығайтуға бағытталған төрт мемлекеттік әлеуметтік жобаны жүзеге асырып жатыр. Аталған жобалар аясында қайырымдылық акциялары, спорттық турнирлер, шығармашылық және патриоттық іс-шаралар, тақырыптық конференциялар мен байқаулар өткізу жоспарланған.

Бұл іс-шаралар тарихи жадты сақтау, Тәуелсіздік үшін күрескен буынның ерлігіне құрмет көрсету және осы құндылықтарды жас ұрпаққа жеткізуге бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Желтоқсан оқиғасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:33

Қостанайда ең ауқымды «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді

Бүгін 12:17

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер ұрпақтар арасындағы байланысты күшейтуге қалай атсалысып жүр

Бүгін 11:31

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер қоғамдық келісімді нығайтуға атсалысып жатыр

Бүгін 11:27

ЖИ егіс алқаптарына да жетті

Бүгін 11:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика