AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / "Желіде мүгедектігі бар жандарға өшпенділік күшейд...

"Желіде мүгедектігі бар жандарға өшпенділік күшейді". Депутат дабыл қақты

Билік 10.12.2025, 11:51 1,102
"Желіде мүгедектігі бар жандарға өшпенділік күшейді". Депутат дабыл қақты
wikipedia.org

Мәжіліс депутаты Ерлан Әбдиев вице-премьер – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға депутаттық сауал жолдап, мүгедектігі бар азаматтарға тіл тигізген блогерлерге қылмыстық жаза қолдануды ұсынды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

"Кейінгі айларда қоғамда алаңдатарлық үрдіс байқалды. Әлеуметтік желілерде мүгедектігі бар балалар мен азаматтарға қарсы қорлау, өшпенділік тілі күшейді. Осыдан бірнеше ай бұрын блогер-сымақ біреу аутизмі бар балаларды өлтіруге шақырғанын білесіздер. Ол әлеуметтік араздықты қоздырып қана қоймай, көпшілікті қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа ашықтан-ашық шақырды. Екінші мысал. Күні кеше аутизм дертіне шалдыққан балалар мен олардың әке-шешесіне тіл тигізген тағы да бір блогер шықты. Ол "мұндай ауытқуы бар бала жеңіл жүрісті шешеден туады" деп мәлімдеді. Онсыз да ауыр дертке шалдыққан балалардың ата-аналарына бұл жығылғанға жұдырықтай тигені анық", - деді депутат.

Депутаттың пікірінше, "хайптың артында жүріп, көпшіліктің арын таптаған мұндай блогерлерге әкімшілік емес, қылмыстық жаза қолданылуы керек".

"Әйтпесе кез келген адам аузына ие болмай, жазадан құтылып, қоғамға үлкен зиян келтіріп, емін-еркін жүре бермек", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін блогер аутист балалар туралы ауыр пікір айтқан еді. Кейін оның ісі сотта қаралып, ол көпшіліктен кешірім сұрады. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мәжіліс #депутат #мүгедектігі бар жандар #Тіл тигізу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Депозиттерге салық салынады деген ақпарат – жалған

Бүгін 15:20

ҚазҰУ-да биотехнологияның болашағы мен даму перспективалары талқыланды

Бүгін 15:17

«Қазақтың Қыз Жібегі»: Алматыда Меруерт Өтекешованың 75 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті

Бүгін 15:16

Олжас Бектенов еліміздің электр энергетикасы саласын дамыту бойынша кеңес өткізді: «Самұрық-Қазына» қорының жобалары қаралды

Бүгін 14:01

Алматы әкімі Hyundai Motor Group өкілдерімен ақылды қала технологиясын енгізу мәселесін талқылады

Бүгін 12:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);