Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Желіде адамдарды қалай чиптейтіні көрсетілген жалғ...

Желіде адамдарды қалай чиптейтіні көрсетілген жалған видео тарады

Мұны білген жөн 27.09.2021, 06:27 1,284
Желіде адамдарды қалай чиптейтіні көрсетілген жалған видео тарады
trends.rbc.ru

Telegram мессенджерінде адам басының силикон муляжына микрочип енгізу барысы көрсетілген бейнеролик тарауда. Құрылғыны иненің көмегімен құлақтың артына мүлдем көрінбейтіндей етіп орналастырады. Видео астында бәрін осылай чиптейді деп жазылған. Бұл фейк ақпарат деп хабарлайды, almaty-akshamy.kz Stopfake.kz сілтеме жасап.


Шын мәнінде, роликте көрсетілген манипуляцияны жануарларға арналған шприц-аппликатормен жасайды. Мұндай құрылғыларды ірі маркеплейстерде және ветеринарлық дәріханаларда сатып алуға болады.  Шприцке диаметрі әдеттегіден әлдеқайда кең қуыс ине салынған. Ол арқылы көлемі күріш дәніндей ғана чип өтеді. Құрылғының функционалдығы өте шектеулі – онда жануардың жасы, шығу тегі және иесі туралы ақпарат, сондай-ақ жоғалған жағдайда үй жануарын табуға болатын сәйкестендіру нөмірі болады. Бұл деректерді арнайы сканердің көмегімен ғана оқиды. Адамдарды бұлай чиптеу мағынасыз, оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, чипте ұсынылған ақпарат (мысалы, иесі мен тұқымы туралы мәліметтер) адамдарға қолданылмайды.


Оның үстіне, диаметрі үлкен инені құлақтың артына енгізу және мұндай процедураны вакциналаумен шатастыру мүмкін емес. Иммундауға арналған препараттар, әдетте, "дельта" тәрізді бұлшық етке, яғни иыққа егіледі. 


Бүгінгі таңда адамдар чиптерді өз қалауы бойынша енгізе алады. Құрылғылар ақпаратты оқу қиын болатын құлақтың артына емес, алақанның сырт жағына тері астына салынады. Мұндай чиптердің функционалдығы да өте қарапайым және олардың көмегімен адамды бақылау мүмкін емес. Бұл туралы біз бұған дейін жазған болатынбыз.



Қорыта айтқанда, видеода жануарларға жасалатын манипуляция көрсетілген. Кадрларда – ветеринарлық шприц-аппликатор. Ол вакциналар мен басқа да дәрі-дәрмек егілетін қарапайым инъекциялық шприцтен айтарлықтай ерекшеленеді. Планета халқын чиптеу конспирологиялық теория болып табылады және ешқандай дәлелі жоқ. Бұған дейін біз қазақстандықтарды вакциналауға арналған шприцтерден чиптер табылғаны туралы фейкті жоққа шығарған болатынбыз. Ол роликте де ветеринарлық аппликаторлар көрсетілген еді.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#чиптеу #жалған #Ақпарат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика