AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жедел іздестіру қызметкерлерінің еңбекақысы көтері...

Жедел іздестіру қызметкерлерінің еңбекақысы көтеріледі

Әлеумет 24.06.2022, 04:54 1,242
Жедел іздестіру қызметкерлерінің еңбекақысы көтеріледі
Сурет: Еgemen.kz

Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиында айтты.


1 қазаннан бастап жедел іздестіру қызметі қызметкерлерінің еңбекақысы көтеріледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Біз тәртіп сақшыларын қолдауға әрдайым ерекше көңіл бөлеміз. Кейінгі жылдары полиция қызметкерлерінің жалақысы бірнеше рет өсіп, тұрғын үйді жалға алу құнына өтемақы төлеу енгізілді. Сонымен қатар әкімдерге жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын қызметтерге 30 пайыздық үстемақы белгілеу құқығы берілді. Менің тапсырмама сәйкес биылғы 1 қазаннан бастап жедел іздестіру қызметі қызметкерлерінің еңбекақысы көтеріледі. Біз полиция қызметкерлерін құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан қорғауды жақсарту үшін кешенді шараларды жалғастырамыз», – деді Мемлекет басшысы.



Президент құқық қорғау органдарында қызмет атқарудың жастар үшін тартымды әрі мәртебелі болуы маңызды деп есептейді. Үздік полицейлерді көтермелеп, ерекшелеп, марапаттау ісін қолдайтынын білдірді. Сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы қызмет тек артықшылық пен абырой ғана емес, халық алдындағы үлкен жауапкершілік екенін түсіну керек деп атап өтті.


Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігі кадрлық әлеуетті ұдайы жетілдіруді, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін және моральдық рухын нығайтуды қамтамасыз етуі қажет екенін айтты. Қазақстан полициясында отансүйгіштіктің, ашықтықтың, әрқашан адамдарға көмекке келуге дайын тұратын адалдықтың образы қалыптасуы керек. Бұл барлық тәртіп сақшыларының ойлау жүйесі мен мінез-құлқына түбегейлі өзгерістер енгізуді талап етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#іздестіру #қызмет #жалақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Almaty SuperSki жобасы аясында ғылыми зертхана салынады

Бүгін 19:15

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Батыс жылу кешенінің ұжымымен кездесті

Бүгін 19:11

Нұрлыбек Нәлібаев отын-энергетика кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 18:30

Трейдинг арқылы пайда табуды көздеген Тараз тұрғыны ақшасынан айырылып қалды

Бүгін 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);