Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Жаздың сәні - субұрқақ  

Жаздың сәні - субұрқақ  

Мәдениет 25.05.2023, 11:20 1,774
Жаздың сәні - субұрқақ   
Сурет: ашық дереккөз

Алдағы күндері күн райы күрт көтеріліп, аптап ыстық күтілуде. Мұндайда күн көзінде көп жүрудің өзі денсаулыққа зиянын тигізеді. Сондықтан қала көркін әрлендіріп тұрған субұрқақтар жанынан табылу өте пайдалы. 


Жалпы, Алматы қаласында ең алғашқы субұрқақ 1948 жылы Абай атындағы опера және балет театры ғимараты жанындағы бақта пайда болған. Оның авторы - сәулетші В.Стесин.



 Одан кейін, 1958 жылы, ҚазКСР-нің Үкімет үйі қазіргі Қазақ-Британ техникалық университетінің ғимаратының екі қапталынан табақ үлгісіндегі қызыл гранит таспен өрнектеліп, кешке жақын түрлі-түсті шамдармен жанатын субұрқақ бой түзепті. Бұл керемет фонтанның авторы - сәулетші А.Левинсон.



Ал 1968 жылы сәулетші В.Панин жасаған аумағы 480 шаршы метр, шапшу биіктігі 6 метр «Мың тамшы» субұрқағы сол кездегі таптырмас демалыс орнына айналған. Араға төрт жыл салып, яғни 1972 жылы Абай атындағы опера және балет театрының батыс жағынан «Апталық» деп аталатын субұрқақ салынды. Бұл субұрқақ тізбесінің авторы - сәулетші М.Сафин. Осы ретте айта кетерлік бір жайт, арадан алты жыл өткенде Бөгенбай батыр көшесіндегі «Бақбақ гүл» субұрқағының да авторы - осы М.Қ.Сафин. Ал 1967 жылы сәулетші П.Картаси жасаған субұрқақ «Алматы» қонақ үйінің ажырамас бөлшегі деуге болады. Оның ауданы 800 метр, судың шапшу биіктігі 3-6 метр. Алматы қаласын көркейтуге және қайталанбас ерекше субұрқақтар жасауда сәулетші В.Кацевтің қосқан үлесі зор. Ірі ғимараттармен бірге тұрғызылған әсем су хауыздары мен субұрқақтарының арасынан Достық даңғылында орналасқан «Қазақстан» қонақ үйі маңындағы субұрқақты ерекше атауға болады.



Е.Рахмадиевтің авторлығымен 2005 жылы Көктөбеде пайда болған «Алма» субұрқағы Алматының басты символы ретінде есептелді.



Бүгінде Алматы қаласында 128 субұрқақ бар, оның 63-і коммуналдық меншікте, 65-і жеке меншікте. «Eco Almaty» ЖШС 63 коммуналдық субұрқаққа қызмет көрсетеді. Қаладағы ең үлкен Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағында орналасқан ең үлкен субұрқақ 8 мың шаршы метр аумақты алып жатқан су құрылымы іске қосылу үшін үш тонна су қажет. Фонтанның ең ұзын бөлігінен шығатын су 32 метр биіктікке дейін жетеді. Ол саябақ аркасында орналасқан тудың деңгейімен теңеседі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#субұрқақ #апталық #«Мың тамшы»
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика