AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жазаның пропорционалдылығы, нөлдік төзімділік – ІІ...

Жазаның пропорционалдылығы, нөлдік төзімділік – ІІМ басшысы есірткі қылмысына қарсы күрес туралы

Заң мен тəртіп 19.03.2025, 09:53 824 Bakyt
Жазаның пропорционалдылығы, нөлдік төзімділік – ІІМ басшысы есірткі қылмысына қарсы күрес туралы
Сурет ЖИ

Наурыз айының басында есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың және күшті заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша енгізілген заңнамалық түзетулер күшіне енді. Есірткі өндіру мен өткізуді ұйымдастырушылар үшін жауапкершілік күшейтілді. Сонымен қатар есірткіні жасырып қойып кетушілер үшін жазалар біршама жеңілдетілді. 

Орталық коммуникациялар қызметінің подкастында ІІМ басшысы Ержан Сәденов есірткі қылмысына қарсы күреске және жалпы профилактикаға бағытталған шаралар туралы айтты.

«Есірткі – жалпы ұлтқа төнген қауіп. Адамға, мемлекетке, бейбітшілікке төнген қауіп. Профилактикалық іс-шаралар барысында біз осыны жеткізуге тырысамыз. Президенттің тапсырмасы бойынша Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетін құру арқылы жұмысты күшейттік. Бұрын қылмыстың осы жасырын түрін қалай ашуға болатындығын білетін полицейлер қызметкерлер ретінде тағайындалса, қазір біз алдын алу бағыты бойынша қарастырып жатырмыз. Онда полицейлер ғана емес, азаматтық қоғамды да тартамыз: ғалымдарды, қоғам өкілдерін, еріктілерді», - деді Ержан Сәденов. 

ІІМ басшысы өткен жылы заңсыз айналымнан 20 тоннадан астам есірткі тәркіленгеніне баса назар аударды.

«Қазіргі кезде есірткінің ішіндегі ең қауіптісі – синтетика екенін атап өткен жөн. Өкінішке орай, оны бізде де дайындайды. Компоненттер шетелден жеткізіледі. Бүгінде прекурсорлардан контрабанданы заңсыз әкелу бойынша бірқатар заңнамалық шара қабылдадық. Республика аумағында өткен жылдың өзінде 70-ке жуық есірткі зертханасы анықталды», – деді спикер.

Қарастырылған жазаға тоқтала келе, Ержан Сәденов оның пропорционалды болуының маңыздылығын атап өтті.

«Қабылданған нормалар есірткі таратумен айналысатын ұйымдастырушыларға, сатушыларға қатысты қатаңдатылды. Ал есірткіні жасырып қойып кетушілерге қатысты, бұл негізінен үкімді шыққаннан кейін колонияларға жіберілетін жастар, қызметкерлер олармен жұмыс істейді. Болашақта олардың көбі еріктілер болады. Пропорционалдылық болсын деген міндет қойылды: ұйымдастырушылар, сатушылар, өндірушілер үшін ең ауыр жаза болуы керек. Нөлдік төзімділік те болуға тиіс», – деді ІІМ басшысы.

 

Толық шығарылымға сілтеме: https://youtu.be/LPjytyehuis

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ержан Сәденов #есірткі #қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туризм Алматыдағы табысты салалардың біріне айналып келеді

Бүгін 12:41

Алматы автобус жүргізушілерін бақылауды күшейтпек

Бүгін 12:09

Алматы жаңа автобус бағыты мен LRT ашып, «ақылды» бағдаршам қойғалы жатыр

Бүгін 12:04

Жасанды интеллект мүмкіндік пе, қауіп пе?..

Бүгін 12:02

Алматыдағы жұлдызды кеш: Solana Fest әлемдік артистерді бір сахнада тоғыстырды

Бүгін 11:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);