Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Жауын, қар, жел - 25 сәуірге арналған ауа райы бол...

Жауын, қар, жел - 25 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Өмір-өзен 25.04.2022, 01:59 1,514
Жауын, қар, жел - 25 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Cурет: Ашық дереккөз

Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл, оңтүстік өңірлерде-найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі


Қазгидромет 25 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қазақстан аумағында синоптикалық процестердің күшеюімен орталықта, шығыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашын, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы, тау бөктерлі аудандарында қатты жауын – шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.


Тек еліміздің батысы, оңтүстік-батысы, солтүстігі, солтүстік-шығысы жоғары қысымды алқабында болатындықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл, оңтүстік өңірлерде-найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.


Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Түнде солтүстікте, батыста, таулы аудандарда, күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.


Алматы облысының оңтүстігінде, таулы, тау бөктері аудандарында бұршақ, дауыл, найзағай күтіледі, желдің күші 17-22 м/с. Күндіз Қарғанды облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі, облыстың оңтүстігінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.


Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында шаңды дауылмен 15-20 м/с жел күшейеді. Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігінде тұман күтіледі, түнде облыстың оңтүстігінде – жел 15-20 м/с күшейеді.


Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, облыстың оңтүстігінде-жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, түнде Атырау облысының батысында – тұман.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #Қазгидромед #Жаңбыр #жел #Қар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы жастары мен шетелдік діни білім: қауіп-қатер және алдын алу шаралары

Бүгін 17:15

Елімізде жаңа жедел нөмір іске қосылды

Бүгін 17:11

Әйелдер  мерекесінің тарихы

Бүгін 17:02

Радикалды діни ағымдардың ықпалына қалай түспеуге болады?

Бүгін 16:55

Алматы жастары дінді цифрлық кеңістікте меңгеріп жатыр

Бүгін 16:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі