Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жауапты бизнес – көрікті қала

Жауапты бизнес – көрікті қала

Әлеумет 06.03.2025, 10:12 1,316
Жауапты бизнес – көрікті қала
aqshamnews.kz

Коммерциялық нысандар «Алматы – ортақ үйіміз» акциясына қатысуда

Коммерциялық нысандар республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Алматы – ортақ үйіміз» атты ауқымды экологиялық акцияға қатысты.

Қаладағы сауда орталықтарының бірі «Жауапты бизнес – көрікті қала» атты жалпықалалық бастамаға белсенді түрде атсалысуда.

Сауда орталығының маркетинг бөлімінің аға менеджері Андрей Покотиловтың айтуынша, нысан аумағында тұрақты түрде тазалау жұмыстары жүргізіледі. Оған тротуарлар мен жолдарды, автотұрақ аймағын, кіреберісті тазарту, витриналарды, кондиционердің сыртқы блоктарын жуу және басқа да жұмыстар кіреді.

«Біз жыл сайын «Алматы – ортақ үйіміз» акциясы аясындағы экологиялық іс-шараларға қатысамыз, өйткені сүйікті қаламыздың тазалығына бәріміз мүдделіміз. Акцияға СОО-ның барлық қызметкері – шамамен 40 адам қатысады. Біз күн сайын сауда орталығының ішін де, айналасын да тазалаймыз. Күн жылынған соң ағаш отырғызып, субұрқақты толықтай жаңартуды жоспарлап отырмыз. Жақында жоғары сапалы жаңа жуу машиналарын сатып алдық, енді тазалау жұмыстары бұрынғыдан да тиімді әрі жылдам жүреді. Осындай бастамаларға қатысу – қалада жайлы және экологиялық таза орта қалыптастыруға қосқан үлесіміз. Кәсіпорын туралы алғашқы әсер оның аумағындағы тазалықтан басталады. Сондықтан коммерциялық нысан айналасындағы кеңістікті күні бойы таза ұстау маңызды», – деді маркетинг бөлімінің аға менеджері Андрей Покотилов. 

Қаладағы коммерциялық нысандар экологиялық жағдайды жақсартуға және тұрғындардың мәдениетін арттыруға бағытталған осындай бастамаларды әрі қарай да қолдауды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматыда «Алматы – ортақ үйіміз» атты акция өтуде. Ол төрт кезеңнен тұрады:
 • «Таза көшелер» (1-9 наурыз) – аялдамалар мен жол белгілерін тазалау, қоқыс жәшіктерін орнату, магистральдарды көркейту;
 • «Таза саябақтар, скверлер мен таулар» (10-16 наурыз) – табиғи аймақтарда сенбіліктер өткізу, қоқыс жинау шаралары;
 • «Таза аулалар» (17-23 наурыз) – аулаларды, балалар және спорт алаңдарын, көріктендіру элементтерін тазалау және сырлау, көгалдандыру, «Үздік аула/аула сыпырушы/шағын бақ» байқауын ұйымдастыру;
 • «Біздің қала – біздің мақтанышымыз» (24 наурыз – 1 сәуір) – ескерткіштерді көріктендіру және жаппай ағаш отырғызу.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Таза Қазақстан #Алматы – ортақ үйіміз #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Журналистер аллеясы пайда болды

Бүгін 11:13

Алматыда былтыр із-түзсіз жоғалған ер адам өлі табылды

Бүгін 10:38

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика