AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Жасыл рейнджер»: жасыл желекті аялайық

«Жасыл рейнджер»: жасыл желекті аялайық

Әлеумет 12.09.2023, 04:39 1,159 Ақтолқын Тұрлығазы
«Жасыл рейнджер»: жасыл желекті аялайық
Сурет: Dianalime.wfolio.pro

Алматының Бас ботаникалық бағында «Жасыл рейнджер» білім беру жобасының қорытынды іс-шарасы өтті.


Үш айлық бірлескен жұмыстың нәтижесінде жас волонтерлерге ағаштарды күтіп баптау, суарудың тиміді тұстары жайлы дәріс оқылған. 



«Қаладағы ағаштарға ерекше назар аудару қажет: олар жабайы ағаштарға қарағанда әлсіз болады, сондықтан олар үнемі бақылау мен күтімді қажет етеді. Осы жобаның арқасында мен жаңа білім мен дағдыларды игеріп қана қоймай, өзімді қоршаған ортаны жақсартуға ұмтылатын команданың бір бөлігі ретінде сезіндім. Мен жоба ұйымдастырушыларына осы құнды және маңызды бастамаға қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғысымды білдіремін. Біздің қызметіміз қаланы көгалдандыруға үлкен үлес тигізеді деген сенімдемін. Дәріскерлер бізге өсімдіктерге қалай дұрыс күтім жасау, аурулардың алдын алу және ауру ағаштарды қалай қалпына келтіру туралы құнды білім берді», - дейді жоба қатысушысы Айдана Сабитова. 



Осы ретте, ағаштарға су құю ерекшеліктеріне тоқтала кетсек. Маусым-шілде айларында жас ағаштарды әр апта сайын суару керек - әрқайсысы үшін екі шелек су қажет, бірақ 7 жастан асқан ағаштарды екі апта сайын суаруға болады, бірақ судың мөлшерін екі есе арттыру керек. Тамыз айынан бастап бақшаның жас және кәрі ағаштарын айына бір рет суару керек. Тамшылатып суару әдісі  өте тиімді, сондықтан оны мүмкіндігіне қарай  оны қолданған жөн.
Суарған соң немесе қатты жаңбырдан кейін жас ағаштардың жанындағы топырағына қарашірік сеуіп, бірнеше сантиметрге дейін топырақты қопсыту қажет.



«Жасыл рейнджер» жобасының ерекшелігі – биыл оның қорытындысы бойынша ақпараттық материалдар әзірленетін болады: олардың ішінде ауру ағаштарды диагностикалау және емдеу жөніндегі нұсқаулықтарды қоса алғанда, дәрістік және практикалық сабақтар туралы негізгі ақпарат болады. Бұл жоба аудиториясын кеңейтуге мүмкіндік береді», - дейді Urban Forum Kazakhstan ҚҚ директоры Әділ Нұрмақов.



Еске сала кетейік, 2023 жылдың маусымынан қыркүйегіне дейін конкурстық іріктеуден өткен 12 волонтер Ботаника және Фитоинтродукция Институтының жетекші мамандарынан дәрістер курсынан өткен.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жасыл рейнджер #ботаникалық бақ #Жасыл желек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жеке деректер сатылған

Бүгін 15:10

«Жасыл бастау» экоакциясы аясында Алматы мен Алматы облысының тұрғындары 200 келіден астам қайта өңделетін және қауіпті қалдық тапсырды

Бүгін 15:01

Жиһанкез қария Парижге жаяу-ақ жетті

Бүгін 14:35

Алматылық боксшылар Қазақстан қоржынына екі алтын және бір қола медаль салды

Бүгін 14:26

Ақжар ықшамауданында суық су болмайды

Бүгін 14:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика