AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жастардың да айтары бар

Жастардың да айтары бар

Әлеумет 25.11.2024, 14:02 1,382
Жастардың да айтары бар
Сурет: Elorda.info

Бүгінгі жастар – цифрлық заманда өмір сүріп жатқан ұрпақ. Технологияның үнемі дамуы, жаһандану мен әлеуметтік өзгерістер олардың өмір сүру стилін, құндылықтарын және қоғамдағы орнын өзгертіп жатыр.

Жастар әлемнің кез келген түкпірінен ақпарат ала алады, өз пікірін ашық білдіріп, идеяларымен бөліседі. Әлеуметтік желілер мен түрлі платформалар олар үшін тек қарым-қатынас жасау ғана емес, жұмыс табу, оқу, жаңа дағдыларды меңгеру құралына айналған. Бүгінде жастар блогтар жүргізіп, YouTube, Instagram сияқты желілерде жұмысын көрсетуге ұмтылады. 
Дегенмен, бұл цифрлық әлемде өмір сүру психологиялық қысым мен әлеуметтік оқшаулануға да әкеліп соғуы мүмкін. Мәселен, әлеуметтік желілерде басқа адамдардың жетістіктерін көріп, өзін солармен салыстырып, нәтижесінде өзін-өзі бағалауы төмендеп, депрессияға ұшырауы ықтимал. Бұл проблемалардың алдын алу үшін жастарға психологиялық қолдау көрсету маңызды. 

Қазіргі жастар білімге ерекше мән беріп, оны тек теориялық негізде емес, практикалық тәжірибемен ұштастыруға тырысады. Олардың қызығушылығы ақпараттық технологиялар, робототехника, жасанды интеллект және экология секілді бағыттарға артып отыр. Бұл салалар оларды жаңа идеяларға, стартаптар жасауға ынталандырады. Сонымен қатар, қазіргі замандастарымның көпшілігі әлеуметтік жауапкершілікті сезініп, қоршаған ортаға, теңсіздікке және әділдікке қатысты мәселелерді шешуге белсенді қатысуда. Экологиялық қозғалыстарға, волонтерлік жобаларға қосылып, әлемді жақсарту үшін күш салып жүрген жастардың саны күн санап артып келеді. Бұл олардың жаңа буын ретінде қоғамға оң өзгерістер енгізуге ниетті екенін көрсетеді.

Бірақ жастардың алдында тұрған қиындықтар да жоқ емес. Олар жаһандану мен мәдени алмасудың әсерінен өз ұлттық ерекшеліктерін жоғалтып алу қаупімен бетпе-бет келеді. Жастар арасында рухани және мәдени құндылықтарды насихаттап, оларды сақтап қалу үшін отбасы, мектеп және қоғам бірлесіп жұмыс істеуі қажет.

Жалпы, қазіргі жастар – әлемнің жаңа бейнесі, жаңа мүмкіндіктер мен өзгерістердің бастауы. Олар өз ұстанымдары мен әрекеттері арқылы болашақтың қандай болатынын анықтайтын буын. Қоғам оларға қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар беріп отырса, жастар алмайтын қамал болмайды деп білемін.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#экологиялық қозғалыс #волентор #жастар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қуыршақ театры Алматы күніне орай қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады

Бүгін 18:15

Астанада «Қазақы тазы» монотұқымдық көрмесі өтті

Бүгін 17:57

Алматыда Қала күніне орай алма жәрмеңкесі өтіп жатыр

Бүгін 17:38

Қала күніне орай Алматының бірнеше алаңында көрмелер өтіп жатыр

Бүгін 17:33

Үкіметте Ұлттық білім беру деректер қорын жаңғырту барысы қаралды

Бүгін 17:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);