AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жастар саясаты жөніндегі кеңес үшін 2023 жыл табыс...

Жастар саясаты жөніндегі кеңес үшін 2023 жыл табысты болды

Әлеумет 30.12.2023, 12:01 1,228
Жастар саясаты жөніндегі кеңес үшін 2023 жыл табысты болды
Almaty-akshamy.kz

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес үшін 2023 жыл табысты болды. Бұл Кеңес жастарға қатысты бірқатар маңызды стратегиялық құжаттарды әзірлеуге атсалысты. 


Атап айтсақ, Мемлекеттік жастар саясатының 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы дайындалды. Биыл осы құжатты жүзеге асыру барысында жас азаматтардың кәсіпкерлікпен айналысуына жол ашатын маңызды бастама қолға алынды: жалпы сомасы 26 миллиард теңгені құрайтын 5,6 мың бизнес жобалары үшін 2,5% мөлшерлемесімен жеңілдетілген несие беріледі. Келесі жылы жастарға арналған жеңілдетілген тұрғын-үй бағдарламасын қолға алу жоспарда бар.


Кеңестің тікелей қатысуымен әзірленген тағы бір маңызды құжат – Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспар. Синтетикалық есірткіге қарсы іс-қимылдың маңыздылығы алғаш рет Кеңес алаңында айтылған еді. Енді Жоспардың орындалуы осы құрылымның тұрақты бақылауында болады. 


Бұдан бөлек, Кеңестің мүшелері «Қазақстан жастары – 2023» атты ұлттық баяндаманы әзірлеуге елеулі үлес қосқанын атап өткім келеді. 


Алдағы 2024 жылы да Кеңес жастарға қатысты өзекті мәселелермен белсене айналысып, Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыруға атсалысуды жалғастыратын болады.


Нақты айтқанда, бүгінде Кеңес лудоманияның таралуына жол бермеу ісін мықтап қолға алды. Осы орайда, оның мүшелерінің ұсынысымен құмар ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл және лудоманияға қарсы күрес жөнінде кешенді жоспарды әзірлеу жұмысы басталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жастар #Кеңес #президент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);