AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Жасөспірімдер арасында самбодан республикалық турн...

Жасөспірімдер арасында самбодан республикалық турнир өтті

Спорт 21.11.2023, 14:21 1,715
Жасөспірімдер арасында самбодан республикалық турнир өтті
Сурет: видеодан алынды

Самбо күресінен 2007-2008, 2009-2010 жылы дүниеге келген жасөспірімдер арасында «Самбо күні» мейрамына арналған республикалық турнир өтті.


Талдықорғанда өткен додаға Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан республикасынан да балуандар келген. Турнирде 200-ден астам спортшы өнер көрсетті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


46 келіде Тәжікстан балуандары қарсылас шақ келтірмей, жүлделі бірінші, екінші орынды өзара бөлісті. 49 келіде Қонаев қаласының самбошысы Бек-арыс Әуезхан чемпион атанды. 53 келі салмақта талдықорғандық Елжан Серікболдың бағы мен бабы қатар шапса, 58 келіде павлодарлық Әмірхан Нәби турнир жеңімпазы болды. Орта және ауыр салмақтарда Диас Шәріпқали, Ерасыл Сұлтанғали, Санжар Аз-деров сияқты Жетісу мен Алматы облысының балуандары қарсыластарын, бет қаратпай ұтты. Турнир барысында Арменияда өткен әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғап, қола жүлдегер атанып қайтқан Жетісу облысының балуаны Арнұр Қуатайға және оның жаттықтырушыларына құрмет көрсетілді.



Диас Шәріпқали, жарыс жеңімпазы: -Бүгінгі жарыстың ұйымдастырылуы өте жақсы болған. Жоғары деңгейде өтіп жатыр. Маған ең қиын болған белдесу ол – финалдық белдесу. 2:1 есебімен ұттым.


Қайрат Нұрбайұлы Жетісу облыстық самбо күресі федерациясының вице-президенті: - Енді мына турнирға келетін болсақ, бұл турнир Самбо күресіне арналған 85 жылдығына байланысты республикалық турнир. Бұл турнир 1998 жылдан бастап Сарыөзек қаласында өтетін. Биылдан бастап өзімізге, Талдықорған қаласына алдық. Қазіргі таңда спортшылардың дайындығы өте жақсы.







Телеграм арнаға жазылыңыз
#самбо #турнир #республикалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түйе үстінде 10 секундта 4 нысана: Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 21:51

Наурыз жаңа форматта: мереке алғаш рет Алматы ипподромында өтті

Бүгін 20:02

Цифрлық Наурыз: Алматыда жасанды интеллект мерекелік бағдарламаға қалай енгізілді?

Бүгін 19:34

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 18:23

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика