Отанды сүю – өркениеттіліктің бірінші белгісі.
Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.
2005 ЖЫЛДЫҢ БАСТЫ ОҚИҒАЛАРЫ
- Қазақстан Республикасының өз шекарасының құқықтық мәртебесін айқындауы. Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы келісім-шартқа қол қою.
- ҰОС жылдарындағы Жеңістің 60 жылдығы.
- Байқоңыр ғарыш айлағының 50 жылдығы.
- Дүниежүзі қазақтарының ІІІ Құрылтайы.
- ҚР Президентінің сайлауы
2005 жыл Қазақ Елі үшін экономикалық даму мен өсімнің жаңа мүмкіндіктерін қарастыру кезеңі болды. Жыл аясында жоғары дәрежедегі, маңызды уағдаластықтар арқылы сапалы нәтижелерге қол жеткізген он бір кездесу өтті. Солардың негізгісі - Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы Шарт болды. Қазақстан үшін бұл Шарттың маңыздылығы айырықша еді, осы құжат нәтижесінде біз өзіміздің құрлықтық шекарамыздың халықаралық-құқықтық рәсімделуін негіздеп алдық.
Сондай-ақ, бұл жылы ел билігі салықтық және тарифтік саланы реформалауға, экономикалық өсімді қамтамасыз ететін жаңа бағыттарға, жинақтаушы зейнетақы және қор нарығы, сақтандыру және банк жүйелерін дамытуға, отын энергетикалық, өндіруші секторының тиімділігін арттыруға, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауға, т.б. басымдық берді.
17 қаңтар
Мемлекет басшысы ресми сапармен Ресей Федерациясына барды. Н. Назарбаев пен В. Путиннің екіжақты кездесулерінен соң Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы Шартқа, «ҚазСАТ» қазақстандық байланыс және тарату жер серігін жасау жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге,басқа да маңызды құжаттарға қол қойылды.
27 қаңтар
Алматыда Елбасының қатысуымен әлемнің елуден астам мемлекетінің өкілдері қатысқан алқалы жиын - Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі Антитеррористік комитетінің басқосуы өтті.
16 ақпан
Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына Жолдауымен таныстырды. Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия елдері Одағын құруды ұсынды. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан арасында жасалған мәңгілік достық туралы шарт осындай бірлесу үшін берік негіз болатынын қадап айтты. «Біз ойдағыдай жұмыс істеп жатқан нарық экономикасын құрдық. Біз тарихымызда тұңғыш рет Шығыс Азия мемлекеттерінің тәжірибесін және өзіміздің көпұлтты әрі көп дінді қоғамымыздың ерекшелігін ескеріп, Батыс демократиясының қағидаттарына сай келетін тәуелсіз мемлекетімізді орнаттық. Біз Қазақстанды Орталық Азияның көшбасшысына, халықаралық құрметті әріптеске, халықаралық лаңкестікке, есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке айналдырдық»,- деді Президент.
25 марта
Елбасы ел астанасында өткен Қазақстан кәсіпкерлерінің I Конгресіне қатысты.
8-9 сәуір
Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ресей Федерациясында болды.
21 сәуір
Мемлекет басшысы Алматыда ашылған IV Еуразиялық медиа-форумға қатысты.Оған әлемнің қырықтан астам елінен 400-дей делегат келді.
6 -7 мамыр
Конгресс-холлда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Ертесінде астанада осы мерекеге арналған әскери парад болды.
8 -9 мамыр
Нұрсұлтан Назарбаев мамырдың сегізінде Ресей астанасы – Мәскеуде өткен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының басқосуына , ал екінші күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығына арналған мерекелік салтанатқа қатысты.
17 мамыр
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Челябі қаласында өткен Қазақстан мен Ресейдің шекаралас өңірлері басшыларының II Форумына қатысты.
24-25 мамыр
Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Әзербайжан Республикасына барды.
2 маусым
Қазақстан Президенті Н. Назарбаев пен Ресей басшысы В. Путин «Байқоңыр» ғарыш кешенінің 50 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шараға қатысу үшін Байқоңырда бас қосты.
9 маусым
Мемлекет басшысы «Ақорда» резиденциясында Қазақстан астанасының өткені, бүгіні мен болашағына арналған өзінің «Еуразия жүрегінде» атты жаңа кітабын таныстырды.
14 маусым
Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласында өткен Азия қоғамының "Қазақстан орнықты даму стратегиясын іске асыру және қоғамды жедел жаңғырту жолында" атты Халықаралық бизнес-конференциясына қатысты.
22 маусым
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының астанасы – Мәскеу қаласында өткен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің отырысына төрағалық етті.
23 маусым
Мәскеу қаласында Нұрсұлтан Назарбаевтяың төрағалығымен ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті сессиясы өтті.
5 шілде
Мемлекет басшысы Елордада өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Басшылары Кеңесінің Х мерейтойлық отырысына қатысты.
24 тамыз
Президент республикалық теледидардың тікелей эфиріне шығып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы жайлы әңгімелеп, қазақстандықтардың сұрақтарына жауап берді.
26 -27 тамыз
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Қазан қаласында өткен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысты.Ресей, Беларусь, Қазақстан және Украина құрамындағы БЭК-ке қатысушы төрт мемлекет басшыларының кездесуі өтті.
30 тамыз
Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығына арналған "Конституция: тұлға, қоғам және мемлекет" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Оған Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, сөз сөйледі.
1 қыркүйек
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысына қатысып, үшінші сайланған Парламенттің II сессиясын ашты.
12 қыркүйек
Нұрсұлтан Назарбаев Елордада өткен Қазақстанның II Азаматтық форумына қатысты.
27 -29 қыркүйек
Елбасы Елордада өткен Дүниежүзі қазақтарының ІІІ Құрылтайына қатысып,сөз сөйледі. Құрылтайға дүние жүзінің 32 елінен 300-ден астам қандастарымыз жиналды. Қазақстанның барлық өңірлері мен Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан 200-ден астам өкіл келді. Құрылтайда шетел қазақтарын Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқыту жағдайы, олардың тарихи отанына инвестициялар орналастыру мүмкіндіктері секілді мәселелер талқыланды.
6 қазан
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында өткен Орталық Азия Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты.
8 қазан
Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында өткен «Қазақстан: бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін халықаралық ынтымақтастықты нығайту» халықаралық симпозиумында сөз сөйледі.
11 қазан
Дәл осы күні Мемлекет басшысы «Қазақстан-2030» Стратегиясы іс жүзінде» халықаралық конференциясына қатысты.
13 қазан
Сол күні Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Демократия және азаматтық қоғам жөніндегі Ұлттық комиссияның VI отырысы өтті.
25 қазан
Республика күніне арналған салтанатты жиын болды.
28 қазан
Мемлекет басшысы Елордада өткен Қазақстан кәсіпкерлерінің ІІ съезіне қатысты.
17-18 қараша
Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Украинаға барды.
21 қараша
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысына қатысты, онда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен 2005 жылдың 10 айындағы республикалық бюджеттің атқарылуы, сондай-ақ 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму Стратегиясының бірінші кезеңін және 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижелері қаралды.
22 қараша
Қазақстан халықтары Ассамблеясының XI сессиясы өтті. Оған Мемлекет басшысы төрағалық етті. басқарды.
2 желтоқсан
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Қазақстан – Ресей мемлекеттік шекарасын делимитациялау туралы Шартты бекіту туралы заңдарға қол қойды.
***
Дәл осы күні Мемлекет басшысы «Қазақстан - тек қана алға!» ұранымен, халыққа алда өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауындағы өзінің сайлауалды тұғырнамасының негізгі ережелерін таныстырды.
4 желтоқсан
Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткерлердің сайлауы өткен күн. Мемлекет басшысы президент сайлауында Елордадағы Горький атындағы орыс драма театрының ғимаратындағы No2 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Сайлауға тіркелген сайлаушылардың 77 пайызы қатысты. Бұл сайлаудың ерекшелігі,онда халықаралық стандарттарға сәйкес қадамдар жасалды. Тұңғыш рет электронды дауыс беру әдісі, мөлдір әйнекті дауыс беру жәшіктері қолданылды, үміткерлердің теледебаттары, Exit-pool өткізілді. Сайлау қорытындысында 91,15 пайыз дауыс жинап, халықтың үлкен сеніміне ие болған Нұрсұлтан Назарбаев айқын жеңіске жетті.
5 желтоқсан
Мемлекет басшысы АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының мүшесі Ч.Мелансон бастаған халықаралық байқаушылар тобын қабылдады, олар Н.Ә.Назарбаевты президенттік сайлаудағы сөзсіз жеңісімен құттықтады. Дәл осы күні Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік және отандық БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясын өткізді, оған әлемнің жетекші бұқаралық ақпарат құралдары – Reuters, France-Presse, Xinhua, ИТАР-ТАСС, РИА Новости, «Daily Telegraph» және т.б. қатысты.
15 желтоқсан
Мемлекет басшысы «Атасу – Алашанькоу» Қазақстан – Қытай магистральдық мұнай құбырының іске қосылуының салтанатты шарасына қатысты. Осы күні кешке Тәуелсіздік күніне орай Елордада салтанатты жиын өтті.
ЖЫЛ ТҮЙІНІ:
2005 жылы мемлекеттік дамудың стратегиялық бағыттарын қалыптастыруда маңызды қадамдар жасалды. 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» , 2005-2010 жылдарға арналған Қазақстанның денсаулық сақтау саласын реформалау мен дамыту, 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй мемлекеттік бағдарламалары, «Бурабай» курорт аймағын дамыту жобасы, Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдікке қатысты 2006-2016 жылдарға арналған стратегия – осы ауқымды жұмыстардың бәрі соның айқын дәлелі. Сонымен қатар бұл жыл 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырудың алғашқы кезеңін қорытындылаған жыл болды. Стратегия аясында салалық және салааралық тоғыз бағдарлама бекітілді.Солардың арасында 2005-2015 жылдарға бағдарланған ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру мен дамыту бағдарламасын, құрылыс, энергия үнемдеу бойынша бұйымдар мен конструкциялар салаларын дамыту индустриясын ерекше атап өтуге болар. Бұл инновациялық стратегия заңдық тұрғыда 20-дан астам Заңмен негізделгенін айта кету керек.
СТАТИСТИКА:
2005 жылы Президент республика өңірлеріне 20 рет, шет елдерге 15 рет ресми сапарға шықты. Бір жыл ішінде барлығы 83 Заң қабылданып, 177 Жарлыққа қол қойылды. Жыл бойы Елбасы еліміздің барлық аймақтарын аралап қайтты, 26 өндірістік, 7 ауыл шаруашылық кәсіпорындарында болып, әлеуметтік бағыттағы 40 нысанның жұмысымен танысты.