Жас сарбаздар ант қабылдады

Жас сарбаздар ант қабылдады almaty-akshamy.kz

Әскери өмірдің айбыны саналатын Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы ел игілігі мен қоғамдық қауіпсіздік жолында 32 жыл қатарынан табанды түрде қызмет етіп келеді. Қуатты құрылымның қатары биыл да сарбаздармен толығып отыр, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Алматының қақ төрінен орын тепкен 5571 әскери бөліміне кеше ғана аяқ басқан жас сарбаздар ант қабылдады. Ұлттық ұланның генерал-майор Талапкер Әміреев басқаратын «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5571 әскери  бөлімінің жас жауынгерлері маусымның басынан бері Жетіген елді мекенінде орналасқан 5574 әскери бөлімінің оқу орталығында жас жауынгер курсынан өткен болатын. Оқу орталығының жұмысына 5571 әскери бөлімі командирінің орынбасары подполковник Нұрлан Сүгірәлиев басшылық жасады.

Ұлттық ұлан қатарына еліміздің барлық аймағынан, бір ай бұрын шақырылған 600-ге жуық сарбаз аз уақыттың ішінде әскери тәртіпке үйреніп, алғашқы дайындық кезеңінен өтті. Ұлттық ұланның міндеттерімен танысты. Әскерге іштей тас-түйін дайындықпен келген кешегі бозбала бүгін сарбаз болып, Отанына адал қызмет етуге ант берді. Олардың қатарында шырайлы Шымкент шаһарынан келген жас сарбаз Димаш Бейбітов те болды. Теміржол саласындағы «Тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығын меңгерген ол колледж бітіріп, диплом алған күні-ақ әскерге аттаныпты. 

– Димаш – ұлдан көрген тұңғыш немерем болғандықтан, мен үшін оның амандық-саулығы, Отан алдында атқарған қызметі зор маңызға ие. Сондықтан да мен оның әскери ант қабылдау іс-шарасын көріп, көңіл марқайту үшін сонау Шымкенттен арнайы келдім, – дейді жас сарбаздарға батасын берген 60 жастағы ақсақал Бейбіт Арысбаев.

Салтанатты рәсімнен кейін жас жауынгерлер келген қонақтар мен ата-аналарға бір ай көлемінде үйренген жауынгерлік ұрыс, қарумен және қарусыз саптық тәсілдерді орындаудан көрініс көрсетті. Сондай-ақ бөлімнің әскери оркестрінің әуелеген плац-концерті мен дефиле қойылымдары тамашаланды.

Әскери ант қабылдау іс-шарасы соңында жас жауынгерлерге ата-ана, туыстарымен бірге қала аралап, серуендеп қайту мүмкіндігі берілді. Әскери бөлім басшылығының шешімімен, жауынгерлер жоспар бойынша уақытылы қалаға шығып, белгіленген кезде әскери бөлімге қайта оралды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:15

19:50

19:26

19:23

19:21

19:17

19:16

19:12

18:45

18:15

17:55

17:50

17:35

17:20

17:10

16:38

16:14

15:24

14:59

14:39

14:38

14:06

13:06

13:04

12:59