AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жас сарбаздар ант қабылдады

Жас сарбаздар ант қабылдады

Әлеумет 27.01.2025, 13:11 1,043 Нұржамал ӘЛІШЕВА
Жас сарбаздар ант қабылдады
Ұлттық ұлан
Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы 3650 әскери бөлімінде жас сарбаздардың салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті. 
 
Отан үшін отқа түсер азаматтарымыздың өміріндегі жауапты қадам жасау іс-шарасына «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары полковник Игорь Поповский және бөлімнің әскери қызметшілері, сондай-ақ сарбаздардың ата-аналары мен туған-туыстары қатысты. 
 
Жетісу облысынан шақырылған 40-қа жуық жауынгер Қазақстан халқына адал болуға, оның заңдары мен ұлттық құндылықтарын қастерлеп сақтауға ант берді. 
 
– Ұлымның Отан алдындағы әскери ант қабылдау іс-шарасын көзімізбен көріп, неге қуанбасқа?! Қарап тұрсам, баламның жағдайы жақсы екен. Кеше ғана ауылдан шығарып салған бозбала еді. Бүгін сапта сымдай тартылып, есейіп қалғандай. Біз үшін оның амандық-саулығы, Отан алдында атқарған қызметі маңызға ие. Сондықтан да оның әскери ант қабылдау шарасын көріп, көңіл марқайту үшін арнайы келіп отырмын, – дейді Жетісу облысынан әскерге шақырылған қатардағы Ақылбек Дәрібайдың анасы Дәмелі Сабырханқызы.
 
Салтанатты жиында әскери музыканың әуенімен қатар-қатар сап түзеп, бір ай бойы үйренген сан алуан әскери қимылдарын көрсеткен сарбаздардың ептілігі мен шеберлігіне жиналған қауым үлкен қошемет білдірді.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ұлан #сарбаз #ант
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);