ffin.kz

«Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі»: мемлекеттік қызметке түсуді жоспарлаған студенттер Алматыға оқуға шақырылды

«Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі»: мемлекеттік қызметке түсуді жоспарлаған студенттер Алматыға оқуға шақырылды Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Әйгерім Әбілова мәлім етті.


Еске салып өтсек, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы - мемлекеттік қызметшілердің даярлауын, қайта даярлауын және олардың біліктілігін арттыратын ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орны болып табылады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


2023 жылдың қараша айында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментімен бірлесіп жас таланттарды мемлекеттік қызметке тартуға бағытталған «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» атты кезекті жоба іске қосылды. Жоба келесі жылдың мамыр айына дейін жүзеге асырылады.



«Жоба аясында 2024 жылдың қаңтарында студенттер филиал базасында бір апталық оқытудан өтеді. Оқыту аясында жас таланттар жобалық басқарудың негіздері және жобаны әзірлеу, оны қорғау, тиімді коммуникациялар, практикалық аналитика және т.б. дағдыларын меңгеріп, мемлекеттік қызметтегі практикалық кейстерді талдайды деп жоспарлануда», - деді А. Әбілова.



Құжаттарды қабылдау жыл сайын тамыз-қыркүйек айларында жүргізіледі, оқудың өзі қазан айында басталады. Биыл жоба қараша айында басталды. Жобаға Нархоз, Тұран, АТУ, ҚазҰУ-нің «Мемлекеттік басқару» мамандығының соңғы курс студенттері қатыса алады.


Академияның негізгі қызметі мемлекеттік қызметте кадрлар даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға бағытталған.



«Мемлекеттік қызметшілерден басқа үміткерлер, яғни квазисектор мен жеке сектордағы үміткерлер арнайы «Мемлекеттік басқару» және «Өңірлік даму» бір жылдық модульдік бағдарламалары бойынша оқуға тапсыру мүмкіндігі бар екенін де еске салғым келеді» – деп қосты А.Әбілова.



Сонымен қатар, биыл мемлекеттік қызметшілерді даярлауға қатысты заңнамалық актілерге бірқатар маңызды өзгерістер енгізілді.


Мысалы, Академияда мемлекеттік тапсырыс бойынша B+ (GPA 3,33) деңгейінен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітіргендер оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде жергілікті атқарушы органдарда, мәслихаттар аппараттарында, ревизиялық комиссияларда, орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде (Астана мен оның аудандарындағы жергілікті атқарушы органдардан, мәслихат аппаратынан, ревизиялық комиссиялардан, орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінен басқа) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады.


Одан өзге, жоғары оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бұрын білім алған мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша Академияның магистратурасына немесе докторантурасына қайта оқуға түсе алады


Спикер атап өткендей, 2023 жылы филиалда 795 мемлекеттік қызметші оқытылды. Біліктілікті арттыру семинарларында 531 мемлекеттік қызметші, оның ішінде 253 орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттерінен және 278 жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері оқытылды. Қайта даярлау курстарында 264 мемлекеттік қызметші, атап айтқанда 126 жергілікті атқарушы орган, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттерінің 138 мемлекеттік қызметшісі оқытылды.


Сондай-ақ биыл қазан айында мәслихат депутаттарының кәсіби құзыреттілігі мен практикалық дағдыларының деңгейін арттыру мақсатында филиалда “Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері” тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өткізіліп, онда Алматы қаласы мәслихатының 28 депутаты оқытылды.



«Ақпан айында Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері үшін "Қазақстан Республикасындағы сайлау процесі: теория және практика" тақырыбында 3 оқыту семинары өткізіліп, онда 61 адам оқытылды», - деп атап өтті Академия филиалының директоры.



2023 жылы барлығы 11 қайта даярлау курсы және 32 біліктілікті арттыру семинары өткізіліп, барлығы 903 адам оқытылды, оның ішінде 639 – біліктілікті арттыру семинарларынан өтсе, 264 мемлекеттік қызметші қайта даярлаудан өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32