ffin.kz

Жас ғалымдарға пәтер беретін жаңа бағдарламаны іске қосты

Жас ғалымдарға пәтер беретін жаңа бағдарламаны іске қосты Сурет: ашық дереккөз

1 желтоқсанда «Отбасы банкі» жас ғалымдарға қолжетімді тұрғын үйді кредиттеу бағдарламасын іске қосты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 





«ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Отбасы банк» АҚ алғаш рет жас ғалымдарға қолжетімді кредит берудің бірлескен бағдарламасын іске қосты. Бұл пилоттық жоба Мемлекет басшысының 2023 жылғы сәуірде Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында берілген тапсырмасын орындау шеңберінде іске асып жатыр», - деді ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмет-Зәки Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.




«Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, бұл бағдарлама академиялық ғылыммен айналысатын жастарға арналған.




«Жас ғалымдардың көпшілігі салалық ғылымға кетіп қалады және академиялық іргелі ғылымдарға жас мамандар жетіспейді. Осының бәрін зерттей келе, арнайы бағдарлама әзірлеуді ұйғардық. Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты 53 ұйымның ғалымдары өтінім бере алады. Оның ішінде, Мемлекет тарихы институты, Математика және математикалық модельдеу институты, Экономика институты, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Тарих және этнология институты ж»не басқалары бар. Бұл тізімге Қазақстанның жоғары оқу орындары да енген», — деді «Отбасы банк» өкілі.




Оның айтуынша, баспана несиесі жылдық 5% ставкамен ең кемі 10% бастапқы жарнамен беріледі. Берілетін кредиттің ең көп сомасы — 20 млн теңге, қарыз мерзімі — 19 жыл.




«Бұл жас ғалымдарға алғашқы пәтерін сатып алуға, Қазақстанда қалып, ғылыми зерттеулерін жалғастыруға мүмкіндік береді. Ай сайынғы ипотека төлемі қолайлы болу үшін, алғашқы 8 жылда төлем 155 мың теңгеден болса, одан кйеін 84 мың теңгеге дейін төмендейді. Қазірдің өзінде бұған сұраныс артты. Бағдарлама алдағы 5 жылда жүзеге асырылады деп жопарланған, „Отбасы банктің“ кірісінен қаржыландырылады», — деп түсіндірді Л. Ибрагимова.




Баспанаға мұқтаж жас ғалымдар ғылыми жобалар мен бағдарламаларға, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына қатысып, магистр дәрежесінен төмен емес және ғылыми-зерттеу жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы қажет.




«Несие 40 жасқа дейінгі жас ғалымдарға (40 жасты қоса алғанда) беріледі. Бұл жерде ешқандай кезек жоқ. Институттың басшылығы өз тарапынан ғылыммен айналысатын жастарға жолдама беріп, Отбасы банкке жібереді. Олар 20 млн теңгеге дейін несие алу мүмкіндігіне ие. Банкте өз төлем қабілетін растаған соң, 3 айдың ішінде бастапқы немесе қайталама нарықтан өздері үй іздейді. Ең бастысы, үміткердің атында соңғы 5 жылда баспана болмауы керек», — деді «Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:54

09:12

08:52

08:35

08:20

08:10

17:47

17:15

16:46

16:16

15:45

15:15

14:44

14:14

13:02

12:45

12:22

11:49

11:11

10:50

10:09

17:43

17:13

17:12

16:43